Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

13.06.2025

Halyk «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бизнесті қаржыландыруды бастады

Halyk «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен Микро, шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен қаржыландыру үшін «Өрлеу» өніміне қатысу туралы келісім жасады.

Кәсіпкерлер бизнеске жылдық 12,6% (ЖТСМ жылдық 13,7%-ға дейін) жеңілдікті мөлшерлемемен кредит алу мүмкіндігіне ие болды.

Қарыздың ең көп сомасы – инвестицияларға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін. 

Жеңілдетілген кредит беру үшін экономиканың басым секторлары:

  • өңдеу өнеркәсібі (тамақ өнімдерін, тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, химия өнеркәсібі өнімдерін, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарды, резеңке және пластмасса бұйымдарын, электр жабдықтарын, жиһазды өндіру); 
  • көлік және қоймалау (жүк және жолаушылар тасымалы, қоймалау қызметтері);
  • туризм (қонақүйлердің, кемпингтердің қызмет көрсетуі);
  • білім беру (мемлекеттік тапсырыстары бар мектеп және мектепке дейінгі);
  • денсаулық сақтау (медициналық орталықтар, көпсалалы клиникалар).

Бағдарламаға қатысқысы келетін кәсіпкерлер Halyk филиалдарына хабарласуы керек.