Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

18.07.2025

Ағымдағы банктік шотқа қосылу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы

Құрметті клиенттер!

Halyk Bank (бұдан әрі – Банк) Сізге 2025 жылғы 18 шілдеден бастап ағымдағы банктік шоттың қосылу шартының (бұдан әрі-Шарт) жаңа редакциясы күшіне енетінін хабарлайды.

Шарттың редакциясына енгізілген мынадай негізгі өзгерістермен танысыңыз:

- Банк клиент туралы ақпаратты мемлекеттік деректер базасынан, оның ішінде ЭҚЖЖ бойынша ақпарат алуға құқылы;

- 2.1.-т. Банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы хабарлама және кепілдік өтемді төлеу мерзімдері, тәртібі, оның ішінде талап етілмеген өтем сомасын аудару туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, депозиттерге кепілдік беру мәселелері бойынша өзге де ақпарат банктің www.halykbank.kz сайтында орналастырылады;

- Шарттың 6.8-тармағы комплаенс бақылау бойынша клиенттің жауапкершілігімен күшейтілді, осыған ұқсас түзетулер Шарттың мәтіні бойынша енгізілді;

- 3.10-т. клиенттің шотындағы ақшаның алаяқтық жолмен алынғандығын ІІМ органдары дәлелдеген жағдайда, Банктің клиент шотындағы ақшаны алып қою құқығымен толықтырылды

- клиентте салық берешегі болған жағдайдың өзінде, егер жаңадан ашылған шот бойынша шығыс операциялары салық берешегі, әлеуметтік төлемдер берешегі толық өтелгеннен кейін ғана жүргізілетін болса, клиентке қосымша шот ашу мүмкіндігі қарастырылған (2.1-тармақ);

Шартқа қайта қол қою талап етілмейтінін, өзгерістер автоматты түрде күшіне енетінін еске саламыз. Шарттың жаңа редакциясымен Сіз мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://halykbank.kz/kz/business/documents.


Құрметпен,

Halyk Bank