Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

01.10.2025

ЖДҚ-ны сатып алу бағдарламасы туралы хабарландыру

«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы («Халық Банкі» немесе «Банк») Банктің Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі шешіміне сәйкес өзінің жаһандық депозитарлық қолхаттарын (ISIN (Reg.S) US46627J3023, ISIN (144A) US46627J2033) («ЖДҚ») сатып алу бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама 50 миллион АҚШ долларына дейінгі сомаға есептелген және Банк капиталының құрылымын оңтайландыруға бағытталған (төменде көрсетілген шекті мәндерді ескере отырып).

Осы бағдарлама аясында Халық Банкі Citigroup Global Markets Limited-ке («Citi») ЖДҚ сатып алу бойынша тәуекелсіз принципал ретінде әрекет етуді тапсырды, әрбір ЖДҚ Халық Банкінің акционерлік капиталында 40 жай акцияны білдіреді (атап айтқанда ЖДҚ-ның акцияларға арақатынасы 1:40). Citi ЖДҚ-ны Банк атынан жалпы 50 миллион АҚШ долларынан аспайтын сомаға сатып алады және әрі қарай ЖДҚ-ны қайтадан кері Халық Банкіне сатады. Бұл ретте сатып алынатын ЖДҚ-ның жалпы саны жоғарыда көрсетілген ЖДҚ-ның акцияларға арақатынасын (1:40) және 50 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі сатып алудың жалпы сомасын ескере отырып, Банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санының 1%-ынан аспайды.

Сатып алу жөніндегі барлық мәмілелер тиісті биржалардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады және нарықта теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеудің қолданылатын нормаларына жауап береді.

Сатып алу бағдарламасы 2025 жылғы 1 қазанда басталады және 2026 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей аяқталады (жоғарыда көрсетілген шекті мәндер және лимиттер сақталған жағдайда).

Бұл хабарландыру кез келген юрисдикцияда бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату туралы ұсыныс немесе өтініш емес, сонымен қатар оның бөлігі болып табылмайды.

Заңды тұлғаларды сәйкестендіру коды (LEI) 213800NYDTVQM4SDUD67.

Халық Банкі туралы

Халық Банкі – бөлшек, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді, активтерді басқаруды және өмірге қажетті қызметтерді (лайфстайл) қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Халық Банкінің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бері, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бері және Астана халықаралық биржасында 2019 жылдан бері листингі бар.

2025 жылғы 30 маусым жағдайы бойынша Банк жиынтығында 19,616 млрд теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Қазақстандағы ең ірі кредитор болып табылады. Банк елдегі ең ірі клиенттік базалардың біріне ие және филиал желісі кең тараған, ел бойынша 542 филиалы мен бөлімшесі бар. Сонымен қатар Банк Грузия мен Өзбекстанда қызмет етеді.

Халық Банкі туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің сайтқа кіріңіз: https://halykbank.com/about/.

Қосымша ақпарат алу мәселелері бойынша хабарласуға болатын тұлғалар:

Мира Тиянақ

+7 727 259 04 30

Ir@halykbank.kz

MiraK@halykbank.kz

Рустам Телiш

+7 727 330 15 66

RustamT@halykbank.kz