Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

24.04.2025

Сіздің қауіпсіздігіңіз – сіздің қолыңызда!

Құрметті клиенттер!

Банк Сізге төлем карталарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін және карталарды немесе олардың деректемелерін үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу қажеттігін еске салады.

Назар аударыңыз:

1. Төлем картасы - бұл жеке төлем құралы. Картаны пайдалану құқығы тек оның иесіне тиесілі. 

2. Картаны, пин-кодты, парольдерді, растау кодтарын, CVC/CVV-кодты немесе төлем картасы туралы өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынады. 

3. Картаны немесе оның деректерін басқа адамдарға, оның ішінде туыстарына, достарына, ұйым жұмыскерлеріне немесе басқа үшінші тұлғаларға беруге шарт талаптарымен тыйым салынады, сондай-ақ сіздің ақшаңызға рұқсатсыз қол жеткізу қаупін және картаңызды заңға қайшы мақсаттарда пайдалану қаупін арттырады. 

4. Банкте ашылған төлем картасы/шоттар бойынша операциялар тек заң талаптарына сәйкес жүргізілуі мүмкін. 

5. Клиент Банктің құралдарын/өнімдерін/қызметтерін/инфрақұрылымын заңсыз мақсаттарда пайдалана алмайды.

Картаны немесе оның деректерін үшінші тұлғаларға беру кезінде болуы мүмкін қауіптер:

1. Сіздің банктік шотыңыздан рұқсат етілмеген ақшаны есептен шығару. 

2. Ақшаны ұрлау немесе жоғалту. 

3. Сіздің қаржылық ақпаратыңызға нұқсан келтіру. 

4. Картаны бұғаттау және шотқа қол жеткізуді қалпына келтіру үшін қосымша процедураларды жүргізу қажеттілігі. 

5. Құқықтық және бедел тәуекелдері.

Жауапкершілік:

Картаны немесе оның деректемелерін үшінші тұлғаларға берген жағдайда, рұқсат етілмеген операцияларға, дербес деректерді немесе қаржылық ақпаратты бұзуға, сондай-ақ заңға қайшы әрекеттерге байланысты барлық ықтимал залалдар мен салдарды тек клиент көтеретінін еске саламыз.

Сондай-ақ, клиент Банкте ашылған шоттар бойынша клиентке тән емес/әдеттен тыс операцияларды жүргізген жағдайда, клиент заңнама талаптарына сәйкес дербес жауапты болатынын еске саламыз.

Сондай-ақ, шарттың талаптарына сәйкес клиентке өзінің төлем картасын беруге, сондай-ақ ол бойынша деректерді (нөмірді, жарамдылық мерзімін, CVV-кодты, PIN-кодты және басқаларын қоса) үшінші тұлғаларға хабарлауға тыйым салынатынына Сіздің назарыңызды аударамыз.

Көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, сондай-ақ клиенттің өз өміріне тән емес/әдеттен тыс операцияларды жүзеге асыруы анықталған жағдайда, Банк заңнаманың талаптарын басшылыққа ала отырып, күшейтілген мониторинг шараларын қолдануға, шоттарға техникалық шектеулер қоюға, сондай-ақ қосымша құжаттар/ақпарат ұсынуды сұратуға, клиентті сәйкестендіруді және/немесе қайта верификациялауды жүргізуге құқылы. Бұл ретте көрсетілетін қызметтерді одан әрі ұсыну мүмкіндігін қарауды Банк көрсетілген рәсімдер аяқталғаннан және клиенттің жүргізілетін операцияларының заңнамаға сәйкестігі расталғаннан кейін жүзеге асыратын болады.

Өзіңізді қорғау үшін не істеу керек?

1. Ешқашан үшінші тұлғаларға төлем картасының/шоттарының деректемелерін, кіру кодтарын немесе өз картаңыздың өзге де деректерін бермеңіз. 

2. Күмәнді сілтемелерден өтпеңіз. 

3. Үшінші тұлғалардың өтініші бойынша және/немесе олар үшін операциялар жасамаңыз. 

4. Банк қосымшасына кіру үшін күрделі құпия сөздерді пайдаланыңыз. 

5. Құпия сөздерді үнемі өзгертіп тұрыңыз. 

6. Карта бойынша жасалатын операцияларға лимиттер және/немесе шектеулер қойыңыз. 

7. Егер картаның әшкере болуына күдік пайда болса оны мобильді қосымша немесе Банктің сенім телефоны арқылы дереу бұғаттаңыз. 

8. Күдікті ұсыныстарға мұқият болыңыз. Егер сізге «жеңіл ақша» немесе күмәнді мәмілелерге қатысу ұсынылса, өз қаражатыңыз бен беделіңізге қауіп төндірмеңіз. 

9. Карта бойынша заңмен тыйым салынған, оның ішінде заңсыз кәсіпкерлік қызметпен, заңсыз ойын бизнесімен, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен, қаржы пирамидаларымен және сіз үшін құқықтық салдарға әкеп соқтыратын басқа да операцияларды жасамаңыз.

Сіздің қауіпсіздікке деген мұқият көзқарасыңыз – ақшаңызды сақтаудың кепілі!


Құрметпен,

Сіздің қамқоршыңыз Halyk Bank