Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

14.11.2025

Енді сіз Halyk Invest қызметінде білікті инвестор мәртебесін ала аласыз

Құрметті клиенттер!

Енді сіз Halyk Invest қызметінде білікті инвестор мәртебесін ала аласыз. Бұл мәртебе қаржы құралдарының кең спектріне қол жеткізуге мүмкіндік береді және сіздің инвестициялық мүмкіндіктеріңізді едәуір көбейтеді.

Өзіңізге мәртебе алудың ең қолайлы әдісін таңдаңыз:

1. Онлайн-тестілеу (мәртебе алудың жылдам әдісі)

  • Halyk Kazakhstan қосымшасында қолжетімді Halyk Invest онлайн сервисінде тестілеуден өтіңіз
  • Форматы: 10 сұрақ
  • Әрекет саны: шексіз

2. Растайтын құжаттарды ұсыну (құжаттарды 7 күн ішінде қарау)

  • Банк бөлімшесіне растайтын құжаттарды ұсыну.

Онлайн тестілеу арқылы мәртебе алу шарттары:

  1. Тесттен сәтті өту үшін сұрақтардың кем дегенде 90%-на дұрыс жауап беру керек
  2. Сәтті тестілеу қорытындысы бойынша сіз бағалы қағаздардың және/немесе қаржы құралдарының барлық немесе жекелеген түрлері үшін білікті инвестор мәртебесін аласыз.

Тестілеу тегін және сіздің кәсіби тәжірибеңізді, білім деңгейіңізді, инвестициялық тәуекел профиліңізді және инвестициялық ой-өрісіңізді бағалауға мүмкіндік береді.

Құжаттарды ұсыну арқылы мәртебе алу шарттары:

Жеке тұлға келесі талаптардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келген кезде білікті инвестор ретінде танылуы мүмкін:

1) Қаржы, экономика, математика немесе ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білім.

2) Мынадай халықаралық сертификаттардың біріне ие:

  • Chartered Financial Analyst (CFA)
  • Certified International Investment Analyst (CIIA)
  • Financial Risk Manager (FRM)
  • сондай-ақ қаржы нарығы саласында біліктіліктің болуын растайтын өзге де сертификаттар;

3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға, инвестициялық ұсынымдар дайындауға, инвестициялық шешімдер қабылдауға және / немесе тәуекелдерді басқаруға байланысты салаларда кемінде 3 жыл еңбек өтілі;

4) 8 500 (сегіз мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қаржы активтерінің болуы;

5) бағалы қағаздармен және (немесе) өзге де қаржы құралдарымен ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және өзге де қор биржаларында білікті инвестор деп тану туралы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан он екі ай ішінде жасалған кемінде елу мәміле. Мәртебе алу үшін кандидат брокерге жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынады.

Талаптарға сәйкестігін растау үшін Банк бөлімшесіне тиісті құжаттарды ұсыну қажет.