Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

10.01.2025

Halyk жаңа ISO 20022 стандартына көшуде

2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Халық Банкі ISO 20022 халықаралық қаржылық қатынастар стандартын пайдалануға көшеді.

Жаңа стандартты енгізу Halyk мобильді қосымшаларында және Web-сервистерінде төлемдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпейді. Halyk барлық клиенттерге қызметтердің жұмысындағы өзгерістерді байқамауға мүмкіндік беретін жаңа стандартқа біркелкі көшуді қамтамасыз етеді. Төлем хабарламаларының халықаралық стандартына көшу төлем карталары бойынша төлемдер мен аударымдарға әсер етпейтінін атап өту маңызды. Банк клиенттері карталар бойынша есеп айырысуларды кедергісіз жасай алады, төлемді, оның ішінде QR-код арқылы жүзеге асыра алады, мобильді аударымдар жүргізе алады, банкоматтардан қолма-қол ақша ала алады.

Жаңа стандартқа көшу сәтінде Банктің теңгемен төлем құжаттарын орындауының мынадай тәртібін назарға алуды сұраймыз:

1. 2025 жылғы 8-10 қаңтар аралығында банк болашақ 2025 жылғы 13 қаңтар валюталау күнімен төлемдерді қабылдамайды. 13 қаңтардан бастап болашақ күнмен төлемдер әдеттегідей қолжетімді болады.

2. 2025 жылғы 10 қаңтарда (бүгін) сыртқы төлемдер сағат 20:00-ге дейін қабылданады. Банкішілік төлемдер сағат 22:00-ге дейін қабылданады.

3. 2025 жылғы 11 қаңтарда банкішілік төлемдер 09:00-ден бастап жаңа МХ форматында қолжетімді болады.

4. 2025 жылғы 13 қаңтарда сыртқы төлемдер 09:00-ден бастап жаңа МХ форматында қолжетімді болады

Сондай-ақ заңды тұлға-клиенттердің назарын мынадай бірнеше жағдайға аударамыз:

  • Жаңа стандарттар Onlinebank қосымшаларында төлемдер мен аударымдарды жасау кезінде жаңа өрістердің: «Нақты төлеуші», «Нақты алушы», «Резиденттік ел коды» пайда болуын қамтиды;
  • Жаңа өрістерді толтыру міндетті емес – нақты төлеуші немесе алушы туралы ақпаратты көрсету, егер олар жөнелтушімен және алушымен сәйкес келсе, қажет емес;
  • Стандарттардың жаңаруы карталар бойынша төлемдерді қозғамайды;
  • Банк Onlinebank-те 1С/Umag/басқалардың есеп жүйелерінен файлдарды қосылған өрістері бар ескі MT форматында қабылдауды жалғастырады;
  • Өзгерістер шетел валютасындағы төлемдерге де әсер етпейді;
  • «Резиденттік ел коды» деген жол төлем тапсырмасындағы алушы және/немесе жалақы төлемдеріндегі қызметкер ҚР резиденттері болып табылмаған жағдайда ғана толтырылады;
  • Есептік жүйелерді (1С, Umag және басқалары) пайдалану кезінде өрістерді баптамалауды тек осы есептік жүйелердің IT-қызметкерлері ғана пысықтайды.

Ынтымақтастық пен түсіністік білдіргендеріңіз үшін рақмет