Баспасөз орталығы
10.04.2025
Жеке тұлғаларға арналған тарифтерге өзгерістер енгізу туралы
Құрметті клиенттер!
Жеке тұлғаларға арналған Halyk қосымшасының тарифтеріне өзгерістердің енгізілетіні туралы хабарлаймыз.
2025 жылдың 14 сәуірінен 1 қыркүйегіне дейінгі арнайы ұсыныс аясында телефон нөмірі арқылы шетелдік карталарға жасалатын аударымдар үшін комиссия 3 АҚШ долларынан 2 АҚШ долларына дейін төмендейді.
Арнайы ұсынысты пайдаланып, аударымдарды аз шығынмен жасаңыз!
Ескертпе:
2025 жылдың 14 сәуірінен бастап мобильді қосымшада ағымдағы көрсетілімге қарамастан төмендетілген комиссия қолданылады.
Қосымшадағы ақпарат жаңа нұсқаның техникалық енгізілуінен кейін жаңартылады.
Құрметпен,
Halyk командасы