Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

27.08.2025

«Дропперлерден» абай болыңыз!

Сақ болыңыз – ешқашан үшінші тұлғаларға банктік картаңыздың, шоттарыңыздың немесе цифрлық кілттеріңіздің деректерін бермеңіз.

Есіңізде болсын: енді бұл қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

«Дроппер» деген кім

«Дроппер» – бұл ұрланған ақшаны аудару үшін транзиттік арна ретінде пайдалану мақсатында өзінің банктік картасын немесе шотын әдейі немесе абайсызда беретін адам.

Көбінесе бұл:

  • «қосымша табыс» немесе «бірлесіп жұмыс істеу»;
  • қаражатты аударғаны немесе алып бергені үшін аздап сыйақы уәде етілетін заңды бизнес болып көрінуі мүмкін.

Шын мәнінде мұндай схемаларды:

  • алаяқтар,
  • қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар,
  • заңсыз казино және басқа да көлеңкелі бизнеспен айналысушылар қолданады.

Қандай қаупі бар:

  • Картаға, шотқа немесе цифрлық кілттерге қол жеткізуге рұқсат бергені үшін: айыппұл, бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
  • Рұқсат етілмеген аударымдарға қатысқаны үшін: 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Қалай қорғануға болады:

1. Ешқашан карта деректемелерін: нөмірін, жарамдылық мерзімін, CVV/CVC, PIN, парольдер мен бір реттік кодтарды айтпаңыз.
2. SMS немесе мессенджерлердегі күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз.
3. Бөгде адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды, оларды тіпті банк немесе полиция қызметкерлері ұсынса да, орнатпаңыз.
4. Күрделі парольдерді қолданыңыз және оларды үнемі жаңартып отырыңыз.
5. Қажет болса, банк қосымшасындағы операциялардың лимиттерін реттеңіз және түзетіңіз.