Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

04.04.2025

Halyk Орталық Азиядағы, Кавказдағы және Оңтүстік Шығыс Еуропадағы алғашқы Жанармай Бизнес-картасын ұсынады

Құрметті клиенттер!

VISA халықаралық төлем жүйесімен серіктес бола отырып Visa Fleet жаңа Жанармай бизнес-картасының іске қосылғаны туралы хабарлаймыз.

2025 жылғы 4 сәуірден бастап шағын және орта бизнес иелері жанар-жағармай материалдарын сатып алу және автопарктің қызметіне қол жеткізу үшін бірегей инновациялық төлем шешімін пайдалана алады.

Visa Fleet Жанармай бизнес-картасының негізгі артықшылықтары:

  • Onlinebank мобильді қосымшасы арқылы цифрлық картаны шығару.
  • Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және мобильді қосымша арқылы транзакцияларға лимиттерді клиенттің өзі белгілеуі.
  • Жүргізуші үшін бөлек, бақыланатын карта.
  • Картаны нақты уақыт режимінде, тәулік бойы, жылына 365 күн толтыру.
  • Бүкіл әлем бойынша кез келген жанармай құю станциясында байланыссыз операциялар жүргізу мүмкіндігі.
  • Тиімді тарифтер: картаны шығару және бірінші жылы қызмет көрсету – тегін.

Visa Fleet Жанармай бизнес-картасы бизнесіңіздің автопарк шығындарын тиімді басқаруға көмектеседі.


Құрметпен,

Halyk