Баспасөз орталығы
Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шарттарына өзгерістер енгізу туралы
Құрметті клиенттер,
Сізге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлаймыз:
1. Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шарты:
1) клиенттің Банкке және UnionPay International халықаралық төлем жүйесіне QR-кодты пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер шеңберінде Токенді шығаруға және пайдалануға келісім беруі туралы тармақпен.
Токен – QR-кодты пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру мақсатында UnionPay International төлем жүйесіне берілетін карта нөмірін сәйкестендіру құралы.
2) 12 (он екі) айдан астам шот бойынша ақша қозғалысы (кіріс және/немесе шығыс төлемдер мен ақша аударымдары) болмаған кезде Банк төлем картасын жабуға құқылы екені туралы тармақпен толықтырылды.
2. Алдын ала төленген төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шарты Банктің клиенттен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Банктің ішкі нормативтік құжаттарында және рәсімдерінде көзделген және (немесе) халықаралық экономикалық санкцияларда белгіленген талаптарды орындау шеңберінде мәліметтер мен құжаттарды ұсынуды талап ету құқығымен толықтырылды.
Аталған өзгерістер 2025 жылғы 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шарттағы өзгерістермен келіспеген жағдайда, Сіз Банк бөлімшесіне жазбаша өтініш беру арқылы Шарттан бас тартуға құқылысыз.