Баспасөз орталығы
Мерзімінен бұрын өтеу талаптарын қайта қарау
01.07.2016-30.08.2022 жылдар аралығында жасалған қарыз шарттары бойынша қайта қарау талаптары.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Банкке қадағалап ден қою шараларын қолдану қорытындылары бойынша реттеушімен келісілген іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде, осымен банктік қарыз шарттары бойынша 01.07.2016-30.08.2022 жылдар аралығында алған қарыздарын мерзімінен бұрын өтеген клиенттерге, Банкке артық төлеген айыппұл санкцияларының сомаларын қайтаруды жүзеге асыра отырып, мерзімінен бұрын өтеу талаптарын қайта қараудың қолжетімді екендігін хабарлайды.
Банктің «HALYK» мобильді қосымшасы арқылы Банктен тиісті хабарламалар және (немесе) SMS-хабарламалар алған клиенттер, көрсетілген құқықты 2024 жылғы 01 шілдеден бастап 2024 жылғы 01 қазанды қоса алған кезең аралығында кез келген жақын бөлімшеге барып жазбаша өтініш беру және/немесе қол қойылған өтініштің көшірмесін Банктің pdp.info@halykbank.kz электрондық поштасына жіберу жолымен пайдалана алады.
Толық ақпаратты https://halykbank.kz/ сілтемесі, сонымен қатар келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы алуға болады: жеке тұлғалар үшін – 7111 (ұялы телефоннан тегін), +7(727)259-07-77 (қалалық телефон нөмірі).