Акциялар
01.08.2026
Sulpak»-та 20%-ға дейін бонус
«Sulpak» қосымшасында жасаған саудаңыздың ақысын Halyk POS-терминалдарында Halyk QR арқылы төлеңіз де, 20%-ға дейін бонус алыңыз.
Кезеңі: 01.08.2026 – 09.08.2026
Бонустарды есептеу шарттары:
- Бонустар тауар түріне қарай 10%, 15% немесе 20% мөлшерінде есептеледі. Толық ақпаратты «Sulpak» дүкендерінен біле аласыз;
- Бонустар Halyk POS-терминалдарында Halyk QR арқылы төлегенде, сондай-ақ «Sulpak» сайты мен қосымшасында төлем тәсілі ретінде Halyk QR-ды таңдаған кезде есептеледі;
- Науқан аясында бір клиентке (карталар санына қарамастан) бонустардың максималды сомасы – 400 000 бонус;
- Чекте бонустар есептелетін транзакцияның минималды сомасы - 10 000 теңге;
- Бонустар 2026 жылғы 29 тамызда есептеледі.
Бонустарды есептеу бойынша ерекшеліктер:
Бонус сыйлық карталарын, корпоративтік карталарды, ағымдағы шоттарға немесе арнайы шоттарға шығарылған карталарды пайдалана отырып жасалған төлемдерге есептелмейді.
- Клиент сатып алғанын толығымен кері қайтарған жағдайда, бонус есептелмейді;
- Жартылай қайтарған жағдайда бонустар тек қайтарылмаған тауар сомасына ғана есептеледі;
- Карта ұстаушылар күмәнді операциялар жасаған жағдайда, Банк бонустарды есептеуді біржақты тәртіппен жоюға немесе оларды қайтарып алуға құқылы;
- Бонустармен төлеген кезде бонустар есептелмейді.
- Банк акция шарттары сақталмаған немесе басқа себептер болған жағдайда, клиентке алдын-ала қосымша хабарламастан бонустарды есептемеу құқығын өзіне қалдырады.
Банк акция шарттарын біржақты тәртіппен өзгерту, оның ішінде клиенттерге хабарламай акция мерзімін тоқтата тұру немесе ұзарту құқығын өзіне қалдырады.



