Акциялар
10.04.2026
Автобус билеттерін Halyk Travel арқылы 50% бонуспен сатып алыңыз
Halyk Travel-де қалааралық автобус билеттерін сатып алыңыз да, 50% бонуспен қайтарып алыңыз.
Науқан кезеңі: 10.04.2026 – 31.05.2026
Бонустар қалай есептеледі:
- Бонустар Halyk Travel-де сатып алынған автобус билеттерін Halyk карталарымен төлеген кезде есептеледі;
- Науқан шеңберінде бір клиентке бонустардың ең көп сомасы (карталар санына қарамастан) - 5 000 бонус;
- Бонус транзакция жүргізілгеннен кейін автоматты түрде есептеледі.
Бонустарды есептеу бойынша ерекшеліктер:
- Бонус сыйлық карталарын, корпоративтік карталарды, ағымдағы шоттарға немесе арнайы шоттарға шығарылған карталарды пайдалана отырып жасалған төлемдерге есептелмейді;
- Клиент тауарды қайтарған жағдайда және сол тауарға бұрын бонустар есептелген болса, бұл бонустар клиенттің бонустық шотынан есептен шығарылатын болады.
- Карта ұстаушылар күмәнді операциялар жасаған жағдайда Банк біржақты тәртіппен бонустарды есептеуді тоқтатуға немесе бонустарды қайтаруға құқылы;
- Бонустармен төленген төлемдерге бонустар есептелмейді.
Банк науқан шарттарын біржақты тәртіппен өзгерту, оның ішінде клиенттерге хабарламай науқан мерзімін тоқтата тұру немесе ұзарту құқығын өзіне қалдырады.




