Цифрлық автокредит бойынша науқандар
Шарттар
Halyk серіктестердің автосалондарымен бірлесіп, Сіздің бюджетіңізді ойлап, ең танымал автомобиль маркаларына төмендетілген мөлшерлемелер бойынша автокредит ресімдеуді ұсынады. Кредиттеу мөлшерлемесі автомобильдің маркасына, моделіне, таңдалған кредиттеу мерзіміне және бастапқы жарнаның мөлшеріне байланысты.
Заем мерзімі: 12 айдан 84 айға дейін
Сыйақы мөлшерлемесі: 0,1% бастап 18,7% дейін (ЖТСМ - 0,10% бастап 20,42% дейін*)
Заем сомасы: 1 500 000 теңгеден 30 000 000 теңгеге дейін
Өтініш берушінің жасы: 21 жастан кредитті өтеу сәтінде 63 жасқа дейін
Бастапқы жарна: 5%** бастап
Науқан бойынша кредитті тек жаңа автокөліктерге ресімдеуге болады.
Науқан өтетін мерзім шектеулі.
Halyk SuperApp мобильді қосымшасында автокредитті онлайн ресімдеу.
Кредит берудің бүкіл мерзіміне Halyk-тан КАСКО.
Қалай ресімдеуге болады?
Дайын! Сіз автокөлік иесі болдыңыз!
Заемшы - жеке тұлға банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады. Заемшы банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Банктің:
- тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
- заемшының банктік шоттарындағы ақшадан құн өндіруге;
- коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беруге;
- сотқа талап арыз беруге құқығы бар.
Кепіл беруші кепіл мәнінің техникалық жай-күйінің тиісті түрде сақталуына және кездейсоқ жойылу/бүліну тәуекеліне, кепіл мәнінің зақымдануына және жоғалуына жауапты болады. Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес кепілге салынған мүлікті соттан тыс және/немесе сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы.
Банк науқан талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту, оның ішінде клиенттерге хабарламай науқан мерзімін тоқтата тұру немесе ұзарту құқығын өзіне қалдырады
* ЖТСМ түбегейлі Halyk SuperApp қосымшасында қарыз алу сәтінде есептеледі.
** Автокөліктің маркасына, клиенттің төлем қабілетіне және кредит қабілетіне байланысты.



