Vlife қосымшасынан тауарды онлайн бөліп сатып алу
Артықшылықтары
Сатып алу талаптары
| Бөліп төлеу мерзімі, аймен | 12 |
| Кредит мерзімі, аймен | 6, 12, 24, 36, 48, 60 |
| Бөліп төлеу бойынша сомасы | 2 000 000 теңгеге дейін |
| Кредит бойынша сомасы | 6 000 000 теңгеге дейін |
| Комиссия | жоқ |
| Мерзімінен бұрын ішінара өтеу | 1 төлемнен кем болмайтын мөлшерде: - Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын ішінара өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
| Мерзімінен бұрын толық өтеу | - Halyk қосымшасында комиссиясыз (мерзімінен бұрын толық өтеу мерзімі бойынша шектеусіз) |
Тауарды бөліп төлеу арқылы немесе кредитке сатып алуды санаулы минутта ресімдеңіз
- Vlife қосымшасын орнатыңыз (App Store және Android-та қолжетімді)
- Тауарды таңдап, себетке қосыңыз
- Байланыс деректеріңізді толтырып, тауарды алу тәсілін (жеткізу немесе өз бетінше алып кету) таңдаңыз
- «Төлеу тәсілі» бағанында Halyk Bank-тегі кредитке немесе бөліп төлеуді таңдап, кредиттеудің немесе бөліп төлеудің қалаған мерзімін көрсетіңіз
- Тапсырысты растап, тапсырыс нөмірін SMS арқылы алыңыз
- Halyk*-ті ашып, бастапқы бетінен «Бөліп төлеу» таңдаңыз
- «Vlife» дүкенін таңдаңыз, SMS-тегі тапсырыс нөмірін теріңіз
- Таңдалған тауарларды, сомасын, мерзімін тексеріп, «Ары қарай» батырмасын басыңыз
- Талаптармен танысып, Банктің шығарған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
- Келісіміңізді SMS-тегі кодпен растаңыз:
- тапсырысты өз бетінше алып кетумен ресімдегенде - SMS-тегі кодты дүкен кассасында айтыңыз
- тапсырысты жеткізумен ресімдегенде – тауарды/қызметті алған кезде SMS-тегі кодты курьерге айтыңыз
Дайын! Сіздің тапсырысыңыз жасақтау сәтінен бастап 3 күннің ішінде жарамды.
* бөліп төлеу немесе кредитті ресімдеу үшін, бөлімшеге бармай-ақ жеке басты видеорастаумен Halyk-та онлайн тіркеуден өту қажет
Бөліп төлеу/кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?
Берешек пен өтеу кестесі бойынша ақпаратқа Halyk қосымшасында қол жеткізуге болады
Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: «Шоттар» бөлімі, «Кредиттер» бөлігі
Өтеу кестесі: Бөліп төлеу/кредит батырмасын басқан кезде тиісті мәртебедегі ақпаратқа қол жеткізуге болады
Бөліп төлеуді/кредитті қалай өтеуге болады?
Мерзімінің кешіктірілмеуі және кредит тарихын бұзбау үшін бөліп төлеуді/ кредитті Halyk-та уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ол үшін мыналарды орындау қажет:
- Halyk-ты ашып
- Басты экранда «Төлемді өтеу» батырмасын басыңыз
- Төлемді өтегіңіз келетін бөліп төлеуді немесе кредитті таңдаңыз
- Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдап, төлем сомасын енгізіңіз
- Төлемді растау
Назар аударыңыз! Halyk-та кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Homebank Wallet электронды әмиянын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk арқылы картадан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне
- басқа банктердің картасынан Homebank Wallet электронды әмиянының нөміріне аудару жолымен
АТМ арқылы толықтыру жолымен:
- «төлем картасына ақша салу» батырмасын таңдаңыз
- Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз және қажетті сомаға толықтырыңыз
Төлем терминалы арқылы толықтыру жолымен:
- «Банктік қызметтер» - «Шотты/картаны толықтыру» - «картаны толықтыру» функцияларын таңдаңыз
- ары қарай ЖСН және Homebank Wallet электронды әмиянының нөмірін енгізіңіз
Halyk қосымшасында Homebank Wallet электронды әмиянының деректемелерін біліңіз:
- басты бетте «Homebank Wallet» батырмасын таңдаңыз
- «Баптаулар» батырмасын ашып, «Сұрату» батырмасын таңдаңыз
Бөліп төлеуді/кредитті өтеу үшін Halyk шотын немесе картасын қалай толықтыруға болады?
Аудару жолымен:
- Halyk-та Halyk Bank шотынан немесе картасынан комиссиясыз
- басқа банктің картасынан аудару арқылы
Толықтыру жолымен:
- Cash-In функциясы бар банкоматтарда
- төлем терминалдарында
- бөлімшелерде касса арқылы