Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Ай сайынғы төлем

Кепілсіз кредитті алғаннан кейін тауарды Halyk Market-тен қалай сатып алуға болады:

  • Басты экранда «Маркет» бөліміне өтіңіз;
  • Тауар санатын және қажетті тауарды таңдаңыз;
  • Төлем түрін көрсетіңіз – Картамен (сондай-ақ Кредит пен Бөліп төлеу қолжетімді);
  • Сатушыны таңдап, сатып алуды ресімдеңіз;
  • Жеткізу жолын таңдап, қажетті деректерді көрсетіңіз;
  • Тауардың жеткізілуін күтіңіз.

Ай сайынғы төлемді қалай өтеуге болады? 

Ай сайынғы төлемді өтеу үшін төменде көрсетілген тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:

1. Кредитті Halyk мобильді қосымшасында төлеңіз:

  • Шоттар бөлімінде «Төлемді өтеу» батырмасын басыңыз
  • өтегіңіз келетін кредитті таңдаңыз
  • «Төлемді өтеу» батырмасын басыңыз
  • төлеу үшін картаны немесе шотты таңдаңыз және төлем сомасын енгізіңіз
  • төлемді растаңыз.

2. Ақша қабылдайтын Cash-in функциясы бар банкоматтар арқылы:

  • картаны банкоматқа салыңыз
  • пин-кодты енгізіп, «Қолма-қол ақша салу» қызметін таңдаңыз
  • соманы купюра қабылдағышқа салыңыз
  • ақша сәтті есепке алынғаннан кейін банкомат экранында тиісі хабарлама шығады.

3. Банктің төлем терминалы арқылы:

  • Өз ЖСН мен картаның соңғы 4 санын білу қажет
  • Негізгі экранда «Банктік қызметтер» батырмасын таңдау қажет
  • "Шотты толтыру" батырмасын таңдау қажет
  • соманы купюра қабылдағышқа салу керек. 

4. Басқа Екінші деңгейлі банктердегі шоттардан аудару арқылы:

Басқа Банктерден ақша аударымы 5 жұмыс күніне дейін өңделуі мүмкін екеніне назар аударыңыз.

5. Халық Банктің кез келген бөлімшесіндегі касса арқылы

Маңызды!

  • Шарт бойынша төлемдер сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін жүргізілуі тиіс.
  • Сағат 19:00-ден кейін ақша толтырған кезде төлем келесі жұмыс күні есепке алынады.
  • Кесте бойынша төлем күні Банк ай сайынғы төлем сомасын сіздің шотыңыздан есептен шығарады.

Кредит бойынша өтеу кестесін қалай көруге болады? 

  1. Halyk қосымшасында «Шоттар», ары қарай «Кредиттер» бөліміне өтіңіз

  2. Өтеу кестесі: бөліп төлеу/кредит батырмасын басқан кезде тиісті күйлері бар ақпарат қолжетімді болады

Кредитті мерзімінен бұрын қалай өтеуге болады?

  1. Шотта соманы қамтамасыз ету (толтыру тәсілдерін жоғарыда қараңыз)

  2. Halyk қосымшасының Шоттар бөлімінде «Төлемді өтеу» опциясын басу

  3. Өтеу үшін қажет кредитті таңдап, «Мерзімінен бұрын өтеу» опциясын басу

  4. Ары қарай кредитті мерзімінен бұрын өтеудің «Толық» немесе «Ішінара» операция түрін таңдаңыз:

- ішінара мерзімінен бұрын өтеу үшін ең аз сома кемінде ай сайынғы бір төлем болуы керек. Ішінара мерзімінен бұрын өтеуді таңдаған кезде таңдауға мерзімін қысқартумен немесе төлем сомасын азайтумен өтеу ұсынылады.

Маңызды!

  • Егер сіз кесте бойынша төлем күніне дейін алдын ала төлеп, ай сайынғы төлем жасасаңыз және кредитті мерзімінен бұрын төлегіңіз келсе, ағымдағы ай үшін төлемді төлеуге дайын болыңыз.
  • Мысалы, сіз ай сайынғы төлем үшін соманы 15.12 салдыңыз, кесте бойынша өтеу күні - 25.12, ал кредитті мерзімінен бұрын 20.12 өтеу керек болса, бұл жағдайда желтоқсан айындағы төлем бөлек төленуі керек, өйткені алдын ала енгізілген сома кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде ескеріледі.
  • Шарт бойынша төлемдер сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін жүргізілуі тиіс.
  • Сағат 19:00-ден кейін ақша толтырған кезде төлем келесі жұмыс күні есепке алынады.

Егер сіз Екінші деңгейдегі басқа банктің кредитін қайта қаржыландырумен кредит ресімдеген болсаңыз:

  • басқа Банктің кредиті біздің Банктен кредит алған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде толығымен өтелуі керек;
  • көрсетілген мерзімде өтелмеген жағдайда Банктің банктік қарыз шартына сәйкес шаралар қолдануға құқығы бар.

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде