Kundelik Pro – бұл бағаларды, үй тапсырмаларын, сабақ кестесін, оқу мазмұнын және білім беру процесіне қатысты басқа ақпаратты бақылауға мүмкіндік беретін ата-аналар мен оқушыларға арналған Күнделік серіктесінің қызметі. Оқушылар мен ата-аналарға оқу үлгерімін талдау және жарнамасыз мүкіндіктермен бірге кеңейтілген мүмкіндіктер ұсынады.
Артықшылықтары:
Ыңғайлылық – барлық бағалар, тапсырмалар, сабақ кесте Halyk Super App қосымшасының бір бөлімінде жинақталған.
Бақылау – Ата-аналар кез келген уақытта баланың үлгерімін тексере алады.
Талдау – пәндер бойынша статистикаға қол жеткізу.
Kundelik Pro-ға қалай кіруге болады?
Күнделік жүйесінің қатысушылары болып табылатын Halyk Super App мобильді қосымшасының пайдаланушылары басты беттегі «Kundelik Pro» батырмасын басу арқылы осы сервисті пайдалана алады.
Қол жеткізу шарттары:
Pro нұсқасына пайдаланушы қалай кіре алады? Ол үшін -:
- пайдаланушы (ата-ана/бала) Halyk қосымшасында тіркелуі керек;
- балада Halyk Еasy картасы болу керек.
Ата-ананың клиенттік жолында балалар картасы болмаған жағдайда картаны шығару және баланы «Баға ал да, бонус ал» бағдарламасына қосу процесі көзделген.
Жиі қойылатын сұрақтар/жауаптар:
Ия, сіз баланың есептік жазбасымен кіре аласыз, бірақ бұл жағдайда бала Kundelik Pro-ға кіре алмайды. Әр пайдаланушы өзінің есептік жазбасымен кіруіне кеңес береміз.
Kundelik Pro-ға логиндер мен парольдерді мектептің өзі ұсынады, егер логин/пароль жоқ болса, сынып жетекшісіне хабарласыңыз немесе Kundelik байланыс орталығының телефон нөміріне +7 727 313 18 32 қоңырау шалыңыз немесе техникалық қолдау көрсету қызметінің team@kundelik.kz электрондық мекенжайына өтініш жіберіңіз.




