Баспасөз орталығы
Құрметті Halyk Invest клиенттері, Warner Bros. Discovery Inc акцияларының иелері!
Warner Bros. Discovery Inc. (ISIN: US9344231041) жай акцияларына қатысты Paramount Skydance Corporation-мен бірігу мәмілесінің аяқталуына байланысты міндетті корпоративтік іс-шараның өткізілетіні туралы хабарлаймыз.
Корпоративтік іс-шараның түрі: бірігу (Merger)
Корпоративтік іс-шараның күні: 2026 жылғы 7 қазан
Эмитент: Warner Bros. Discovery Inc.
ISIN: US9344231041
Төлем валютасы: USD
Корпоративтік іс-шараның аясында Warner Bros. Discovery Inc. акциялары өтеледі, ал акция иелеріне ақшалай төлем жасалады.
Ақшалай төлемнің мөлшері бір акция үшін 31,01666668 USD құрайды.
Төлем келесіні қамтиды:
- 31,00 USD - базалық сома;
- мәміле талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 30 қыркүйектен кейін мәміле аяқталған күнге дейінгі әрбір күнтізбелік күн үшін 0,00277778 USD мөлшеріндегі қосымша сома.
Назар аударыңыз: алынған хабарламаға сәйкес, бұл төлем түпкілікті болып табылады. Осы корпоративтік іс-шара бойынша қосымша төлемдер қарастырылмаған.
Мәміленің аяқталуына байланысты Warner Bros. Discovery Inc. акцияларымен сауда жасау тоқтатылады. Мәміленің 2026 жылғы 6 қазанның нарығы ашылғанға дейін аяқталуы күтілгенде бағалы қағаздар бойынша сауда 2026 жылғы 5 қазанда кешкі сауда сессиясы аяқталғаннан кейін тоқтатылады, ал 2026 жылғы 7 қазаннан бастап акциялар саудадан шығарылады.
Ақша қаражатын клиенттердің инвестициялық шоттарына есептеу депозитарий тиісті төлемді алғаннан және өңдегеннен кейін жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта клиенттердің шоттарына ақша қаражатын есептеу күні белгіленбеген.
Корпоративтік іс-шараның ерекшеліктеріне байланысты инвестициялық шоттарда ақша қаражатының көрсетілу мерзімдері мәміленің аяқталу күнінен өзгеше болуы мүмкін екеніне назар аударамыз.
Корпоративтік іс-шара туралы қосымша ақпарат келіп түскен сайын ұсынылатын болады.