Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

05.05.2023

БАҚ үшін ақпараттық хабарлама. Ақпаратты теріске шығару

05 мамыр 2023, Алматы. Raiffeisen Bank International (RBI) Halyk Bank-тің еуродағы аударымдарға арналған корреспонденттік шотын жапқанына қатысты БАҚ-та тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Аталған корреспонденттік шот штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұр.

Халықаралық тәжірибеге сай halykbank.kz ресми сайтында барлық корреспондент банктердің емес, тек негізгілерінің ғана деректемелері орналастырылған.

Банк төлемдерді жүргізудің бизнес орындылығы мен коммерциялық шарттарына байланысты жалпы тізімнің ішінен негізгі корреспондент банктерді өз бетінше анықтайды.

Halyk Bank көптеген халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істейді. Корреспондент банкті таңдаған кезде Банк, ең бірінші кезекте, халықаралық аударымдарды жүргізу барысында клиенттер үшін барынша жағдай жасап, олардың мүдделерін басшылыққа алады және алушы валютасын, елі мен төлем мақсатын ескереді.


Halyk баспасөз қызметі

Барлық сұрақтарға жауап беретін тұлға Асель Оразбаева 

+7 701 220 31 53

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде