Баспасөз орталығы
05.08.2020
Корпоративтік карталар бойынша тарифтерге өзгерістер енгізу туралы
Құрметті клиенттер!
Сіздердің сұрауларыңыз бойынша 2020 жылғы 20 тамыздан бастап күшіне енетін, корпоративтік карталар бойынша сервис пен тарифтерді жақсарту жөнінде жұмыс жүргіздік:
- корпоративтік карталардың барлық түрлері бойынша бірінші жылы қызмет көрсеткен үшін 3000 теңге мөлшерінде комиссияны алып тастадық;
- Банк банкоматтарының желісінен ЖК корпоративтік карталарынан қолма-қол ақша алған үшін тарифтерді сомадан 0,35 %-дан 0,3 %-ға дейін төмендеттік;
- банк бөлімшелерінің кассасы арқылы корпоративтік карталардан қолма-қол ақша алу жөніндегі тарифтерді 0,1 %-дан 0,5 %-ға дейін мин. 500 теңгеге өзгерттік;
- 24 тамыздан бастап жеке кәсіпкерлер бизнес үшін «Onlinebank» мобильді қосымшасында Банк ішіндегі картадан картаға да, басқа Банктің карталарына да Р2Р аударымдарын жүргізу мүмкіндігіне ие болды, банк ішінде аударым жасау құны – 0 теңге, ҚР басқа банкінің картасына аударым жасау тіркелімді – 200 теңге;
- сондай-ақ Homebank қосымшасының «Аударымдар» бөлімінде Halyk Bank клиенті болып табылатын жеке тұлғаның картасынан Жеке кәсіпкердің корпоративтік картасына ақша аудару мүмкіндігі пайда болды;
- SMS хабарламалар бойынша абоненттік төлем тарифтерін айына 350 теңгеден 200 теңгеге дейін төмендеттік, SMS хабарламаларды Halyk Bank-тің кез келген банкоматында қосуға болады;
- SMS хабарламалар бойынша барлық басқа операциялар бойынша тарифтерді алып тастадық.
Барлық сұрақтар бойынша Байланыс орталығының 9595 нөміріне хабарласуға болады
Корпоративтік карталар туралы толығырақ
Құрметпен,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ