Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

23.04.2020

Halyk Bank ізденушілерді тексеру сервисін іске қосты

2020 жылғы 23 сәуір, Halyk Bank  «ПКБ» ЖШС-мен бірлесе отырып, Onlinebank-те ШОБ өкілдеріне арналған «HR көмекші» сервисін іске қосты. Жаңа сервис ізденушілерді жұмысқа аларда оларды тексеруге мүмкіндік береді.  Сондай-ақ осы сервис арқылы қандай да бір ғимаратты, офисті  жалға алатын компания мен жеке тұлғаны тексеруге болады.

Жаңа «HR көмекші» сервисі өздерінің жеке кадрлық қызметкері немесе қауіпсіздік қызметі жоқ компаниялар үшін тиімді болмақ. Аталған сервис 30-ға жуық ашық дереккөздерінен ізденушілер туралы ақпараттарды тексереді. Яғни олардың сотталғандығы, айыппұлдары мен салық берешектері туралы ақпараттарды жинақтап, анықтайды.  

Қызметті пайдалану үшін Onlinebank-ке кіріңіз, кейін басты бетте «Анықтамалар» > «Қызметкерлер» > «Қызметкерді тексеруді» таңдаңыз. Тексеру үшін тек ЖСН қажет. Тексеру процесі 3 минутта орындалады, кейін сервис сол тұлға туралы толық есеп береді.

Сервис Onlinebank жүйесін пайдаланатын әр қолданушыға қолжетімді. Олар үшін сервис тегін. Егер де Сіз Onlinebank жүйесіне тіркелмеген болсаңыз, онда https://clck.ru/MxsFc сілтемесі арқылы өтінім жолдаңыз.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде