Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

08.04.2024

Halyk 2015 жылы Қазкоммерцбанк берген мемлекеттік көмектің 250 млрд теңгесін мерзімінен бұрын қайтарып берді

Halyk Bank 2015 жылы "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ депозиті түрінде Қазкоммерцбанктен алған 250 млрд теңге мөлшерінде мемлекеттік қолдаудың мерзімінен бұрын толық қайтарылғаны туралы хабарлайды.

Halyk осыған дейін 2023 жылдың маусым және желтоқсан айларында депозиттің бір бөлігін - 68,4 млрд.теңгені қайтарған болатын. Ал бүгін банк мемлекеттік көмектің 181,6 млрд теңге сомасындағы қалдығын өтеді. Осылайша, Halyk мемлекетке 250 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражатты мерзімінен бұрын қайтарып, өз міндеттемелерін толық көлемде орындап отыр.

Halyk басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова банк мемлекеттік көмек алмағанын тағы да атап өтті Шаяхметованың айтуынша, қаржылық қолдау кезігде екі қаржы институтын, яғни БТА мен Қазкоммерцбанкті сақтап қалу үшін көрсетілген.

Еске сала кетейік, Қазкоммерцбанк "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ депозит түріндегі 250 млрд теңге мемлекеттік қолдауды 2015 жылы берген болатын. 2018 жылы Qazkom Halyk Bank-пен біріккен кейін Halyk депозит бойынша мұрагерлік құқыққа ие болып, біріккен банктің балансына ауысты.

"Ол кезде бұл өте дұрыс сценарий болды: Қазкоммерцбанк жүйедегі ең ірі банк болды және мемлекет оның жойылуына жол бере алмады. Halyk Bank стратегиялық инвестор болу арқылы өз миссиясын орындады. Нарық тұрақтандырылды, ең бастысы – депозиторлар, жеке тұлғалар, олардың миллиондары да, заңды тұлғалар да зардап шеккен жоқ", – деді өтті Үміт Шаяхметова.

Сондай-ақ, Halyk басқарма төрайымы 250 млрд теңге мөлшерінде ақшалай қаражатты толық қайтару мерзімінен бұрын жүзеге асырылғанына назар аударды - "Қазкоммерцбанк" АҚ және "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ арасында жасалған шартта қарыз 2037 жылы қайтарылуы керегі айтылған.

"Halyk мемлекеттік қаражатты шартта көрсетілген мерзімнен әлдеқайда ерте қайтарғаны Қазақстанның жүйе құраушы Банкінің тұрақтылығын көрсете отырып, қаржы нарығы мен инвесторлар үшін жақсы сигнал болды. Халықаралық рейтинг агенттіктері осыған дейін Банктің капиталдандыруы мен табыстылығы жоғары деңгейде екенін атап өткен болатын,  наурыз айының соңында Halyk отандық банк жүйесінің көшбасшысы ретіндегі мәртебесін растады", - деп толықтырды банк басшысы.