Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

02.04.2024

Halyk ұсынған Onlinebank Қазақстандағы бизнес үшін үздік мобильді банк болып танылды

SME Banking Agency беделді ақпараттық-талдау агенттігінің «BUSINESS MOBILE BANKING 2024» зерттеуінің нәтижесі бойынша Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер арасында Halyk ұсынған Onlinebank қосымшасы көшбасшы болып танылды. SME Banking Agency сарапшылары өңірдегі бизнеске арналған барлық мобильді қосымшаның (130+) параметрлерін бағалады: AppStore және Google Play бағалары, жүктеп алу мен пікірлер саны, функционалдығы, нұсқалары және т.б.

«Біз SME Banking Agency сарапшыларына Halyk қызметін және заңды тұлғаларға арналған қызметтер мен өнімдерді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамыз. Біздің Onlinebank қосымшамыз халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына тағы да ие болып отыр, бұл біздің жұмысымыздың сапасы мен танылуының көрсеткіші. Банк командасы қолданыстағы сервистерді жақсарту және кәсіпкерлер үшін ыңғайлы және пайдалы өнімдерді енгізу бойынша үздіксіз жұмыс істеуде», - деп атап өтті Даурен Сартаев, Halyk басқармасы төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, банкте Onlinebank-тың, атап айтқанда, мобильді қосымшаның жұмысы үш негізгі қағидаға негізделетін атап көрсетті:

  • Қауіпсіздік: Қызметтерді ұсынуда және қосымшаны пайдалануда Halyk клиенттер қаражатының қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Банк үшін кәсіпкерлер немесе бухгалтерлер өздерінің ақшалары сыртқы және ішкі алаяқтардан қорғалғанына сенімді болуы маңызды. Halyk ұсынған Onlinebank қауіпсіздігі банк экожүйесінің барлық сервисі секілді ең жоғары қорғаныс деңгейіне ие. Halyk өзінің қауіпсіздігіне бағыттайтын ресурстардың барлығын банк өз клиенттеріне де ұсынады.
  • Өнімдердің алуандығы: Onlinebank өз клиенттеріне ең алуан өнімдерді ұсынуда қарқынды дамып келеді. Банк сауда кәсіпорындарына кредит беруді белсенді түрде және табыстылықпен жүзеге асырып келеді, өндірушілерге қолжетімді инвестициялар ұсынады, Halyk клиенттері үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша ыңғайлы онлайн-кредиттер береді және мемлекеттік сатып алуға үнемі қатысатын банк клиенттері үшін тендерлік кепілдіктер мен міндеттемелерді орындау кепілдіктерін онлайн шығарады. Өнімдердің осындай алуан түрлілігі Қазақстанның бизнес-секторының барлық тобына өз ісін ойдағыдай дамытуға мүмкіндік береді.
  • Қолжетімділік: Halyk Onlinebank мобильді қосымшасының құралдары бойынша банк пен клиент арасында адал және сенімді қарым-қатынас орната отырып, кәсіпкерлер нарығындағы ең қисынды мөлшерлемелер мен комиссияларды ұсынады. Осылайша, Halyk клиенттерге өз бизнесін дамытуға және күнделікті операциялар мен қосымша шығындарға көп уақыт жұмсамауға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың мамыр айында Halyk ұсынған Onlinebank бизнес үшін үздік интернет-банк атанды. Қосымшада ЖК-ні оңай және жылдам тіркеуге, шот ашуға, салық декларациясын тапсыруға, төлемдер жасауға, цифрлық бланк кепілдігін алуға және басқа көптеген қызметтерді алуға болады.

Оған қоса, Global Finance халықаралық басылымы екі рет Halyk Bank-ты «Best SME Bank in Kazakhstan 2023» номинациясында Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін үздік банк деп таныды, ал Euromoney халықаралық басылымының сарапшылары Halyk Bank-ты «Country Awards for Excellence 2022: Central & Eastern Europe» номинациясы бойынша Қазақстандағы үздік банк деп атады.

Анықтама 

Halyk Bank –  Қазақстандағы бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде әрекет ететін жетекші банк. Банк Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-де 2019 жылғы қазаннан бастап листингке ие. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 15,5 трлн теңге мөлшерінде активтері бар банк Қазақстандағы клиенттердің ең ірі базасы мен филиалдық желісі бар жетекші кредиттік ұйым болып табылады – ел бойынша 570 филиал және бөлімше. Банк Грузияда, Қырғызстанда және Өзбекстанда жұмыс істейді.