Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

07.02.2024

Air Astana IPO бойынша акцияның күтілетін соңғы бағасын жариялады

Өтінімдерді қабылдау ертең, 8 ақпан күні жабылады

2024 жылғы 7 ақпанда Орталық Азия және Кавказ өңірлеріндегі ірі әуе компаниялары тобы Air Astana IPO бойынша акцияның және ЖДҚ-ның күтілетін соңғы бағасын жариялады. Ақпараттық хабарламаға сай 8 ақпандағы ҚРҰБ бағамы бойынша бір депозитарлық қолхаттың бағасы 9,5 АҚШ долларына, ал бір жай акцияның бағасы 2,38 АҚШ долларына тең. Соңғы баға 8 ақпан күні, IPO бойынша өтінімдерді қабылдау жабылатын күні анықталады. Жабылу рәсімі AIX және KASE биржаларында Астана уақытымен сағат 11:00-де орындалады.

Естеріңізге сала кетейік, Halyk клиенттері Halyk Invest сервисі арқылы сатып алуға өтінімдер жинау кезеңінде кез келген бағалы қағаздардың қажетті санын сатып алуға өтінім бере алады. Ол үшін болашақ инвесторлар:

  • Halyk қосымшасының Halyk Invest бөліміне кіруі;
  • брокерлік шартқа қосылу туралы онлайн өтінішке қол қоюы;
  • автоматты құрылған инвестициялық шотты толықтыруы;
  • «Не сатып аласыз» бөлімінде IPO және SPO қосымша бетін ашуы;
  • IPO-ға қатысу үшін қажет компанияны/құралды таңдауы
  • өтінім беріп, ықтимал аллокацияны күтуі керек.