Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

17.12.2025

Заңды тұлғаларға арналған тарифтерге өзгерістер енгізу туралы

Құрметті клиенттер!

Салық кодексінің жаңа талаптарына сәйкес банктің есеп айырысу-кассалық қызметтері мен құжаттамалық операциялары бойынша тарифтерге енгізілетін алдағы өзгерістер туралы хабарлаймыз. 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап банктік қызметтер қосылған құн салығының (ҚҚС) объектісіне айналады. Сонымен қатар, ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін артады.

Біз өз клиенттерімізді банк секторындағы ең тиімді тарифтер бойынша сервистің жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Өзіңіздің күнделікті қаржылық міндеттеріңізді жайлы шешу үшін біз теңгемен жүргізілетін аударымдарды бұрынғыдан да тиімді етіп жасадық, ал ҚҚС бөлігінде осы операциялар бойынша тиісті салық жүктемесін банк өзіне алады.

Өзекті тарифтік кесте «Заңды тұлғаларға арналған тарифтер» бөлімінде жарияланған және 2026 жылғы 03 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Банктің тарифтері енгізіліп қойған ҚҚС-мен ұсынылған, бұл қызметтердің түпкілікті құнының қалыптасу ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді.


Сенім білдіргеніңіз және ынтымақтастығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз,

сіздің Halyk