Баспасөз орталығы
Құрметті Halyk Invest клиенттері - Trump Media & Technology бағалы қағаздарының иелері!
Сіздерге Trump Media & Technology Group компаниясының акциялары бойынша Consent (келісім алу) түріндегі корпоративтік оқиға туралы хабарлаймыз.
ISIN: US25400Q1058
Эмитент: Trump Media & Technology Group
Тикер: DJT
ISIN: US25400Q1058
Корпоративтік оқиғаның түрі: Consent (келісім алу)
Оқиғаның сипаттамасы
Аталған корпоративтік оқиға жарияланған spinoff-оқиғамен байланысты. Spinoff шеңберінде бағалы қағаздарды ұстаушылар әрбір иелігіндегі акция үшін бір цифрлық токен алу құқығына ие.
Ағымдағы оқиғаның мақсаты - бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты ашуға бағалы қағаздар ұстаушылардың келісімін алу.
Қажет болуы мүмкін деректер:
- Тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.)
- Тұрғылықты мекенжайы (қала, өңір, пошта индексі, ел)
- Электрондық пошта мекенжайы
- Иелігіндегі акциялар саны
Дауыс беру нұсқалары:
- Consent (Келісемін) - деректерді ашуға келісім беру
- Abstain (Қалыс қалу) - әдепкі нұсқа
Нұсқауларды қабылдау мерзімінің аяқталу күні: 2026 жылғы 13 ақпан, сағат 17:00-ге дейін (Нью-Йорк уақыты бойынша)