Баспасөз орталығы
Halyk Invest ішкі құжаттарын өзгерту туралы хабарлама
Құрметті клиенттер!
Біздің Банкті бағалы қағаздар нарығында өзіңіздің брокеріңіз ретінде таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Осымен 2025 жылғы 9 шілдеден бастап «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жеке тұлғалары үшін брокерлік қызметтер және номиналды ұстау (қосылу) қызметтерін көрсету туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) және Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) жаңа редакцияда күшіне енетінін хабарлаймыз.
Шарттың және Қағиданың* жаңартылған талаптарымен сіз Банктің ресми сайтында «Брокерлік қызмет көрсету» бөлімінде құжаттар тізімінде таныса аласыз.
* Ережелер жаңа клиенттер үшін бекітілген күннен бастап – 2025 жылғы 9 шілдеде, ал (2025 жылғы 9 шілде) жағдайындағы әрекет етуші клиенттер үшін – 2025 жылғы 25 шілдеден бастап күшіне енеді.