Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

09.07.2025

Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартына өзгерістер енгізу туралы

Құрметті Банк клиенттері!

Төлем картасын шығару және қызмет көрсету туралы қосылу шартына (бұдан әрі – Шарт) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы хабарлаймыз:

  1. Бір клиентке шығарылатын дебеттік карталар саны бойынша лимиттерге өзгерістер енгізілді: Жәрдемақылар үшін арнайы шоттар бойынша карталарды қоспағанда, қолданыстағы 5 (бес) картадан аспайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденті емес бір клиентке шығарылатын карталар саны – 1 (бір) картадан аспайды.
  2. Шарт клиенттің дербес деректерін жинауға және өңдеуге және оларды QR-кодты пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру мақсатында UnionPay International төлем жүйесі тартатын үшінші тұлғаларға беруге UnionPay International халықаралық төлем жүйесіне клиенттің келісім беруі туралы тармақпен толықтырылды. Дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес деректерді сақтау мерзімі ішінде қолданылады. Дербес деректерді жинау және өңдеу ҚР заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен жүзеге асырылады. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуды және дербес деректерді банктік қызметтер мен шартты орындаумен байланысты емес кез келген үшінші тұлғаларға беруді қарастырмайды.
  3. Шарт клиенттің QR-кодты пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру кезінде операция сомасының дұрыстығын тексеру жауапкершілігін айқындайтын тармақпен толықтырылды.
  4. Face Pay жүйесін пайдалана отырып төлемдер жүргізу тәртібі айқындалған. Бұл жағдайда есептен шығару клиенттің Интернет-банкингте таңдай алатын (өзгерте алатын) негізгі картасынан жүргізіледі.  

Шартқа өзгерістер 2025 жылғы 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Шарттағы өзгерістермен келіспеген жағдайда, сіз Банк бөлімшесіне жазбаша өтініш беру арқылы Шарттан бас тартуға құқылысыз.