Баспасөз орталығы
Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістер туралы
Құрметті клиенттер!
Осымен 2025 жылғы 17 қаңтарда 2024 жылғы 27 желтоқсандағы өзгерістермен «Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енетінін хабарлаймыз.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке тұлғалар болып табылатын білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:
1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын, қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізімдеріне енгізілмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;
2) тәуекелді инвестициялау инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;
3) туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары;
4) жеке орналастыруға жататын облигациялар;
5) өтеу мерзімі жоқ облигациялар;
6) инвестициялық облигациялар;
7) шығару шарттарында қаржы құралдары тек білікті инвесторларға арналған және (немесе) бөлшек инвесторларға арналмаған деп көзделген қаржы құралдары.
Осылайша, егер Сіз жоғарыда аталған құралдарды сатып алуды жоспарласаңыз, 2025 жылдың 17 қаңтарынан бастап білікті инвестор мәртебесіне ие болуыңыз керек.