Баспасөз орталығы
Құрметті Halyk Invest клиенттері WARNER BROS DISCOVERY иелері!
Сіздерге WARNER BROS DISCOVERY компаниясының акциялары бойынша корпоративтік оқиға (TENDER OFFER/TAKE OVER) туралы хабарлаймыз, ISIN: US9344231041, тикер: WBD.
Эмитент: Warner Bros. Discovery, Inc.
Тикер: WBD
ISIN: US9344231041
Корпоративтік оқиға түрі: Tender Offer (акцияларды ерікті сатып алу)
Оқиғаның сипаттамасы
Paramount Global компаниясы tender offer – бірігу (Merger Agreement) туралы әлеуетті келісім шеңберінде Warner Bros. Discovery жай акцияларын сатып алу жөніндегі ұсынысын жариялады.
Ұсыныс тікелей Warner Bros. Discovery акционерлеріне бағытталған және ерікті сипатқа ие.
Tender offer негізгі шарттары:
- Сатып алушы: Paramount Global
- Сатып алу нысаны: Warner Bros. Discovery жай акциялары
- Сатып алу бағасы: 1 акция үшін 30 USD (ақшалай қаражатпен)
- Есеп айырысу нысаны: Cash
- Сатып алу арақатынасы: 1:1
Маңызды шарттар мен ескертпелер
- tender offer-ге қатысу ерікті болып табылады.
- Қатысу деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда ұсыныс:
- жойылуы,
- ұзартылуы,
- өзгертілуі мүмкін (бағасын және мерзімдерін қоса).
Құқықтарды беру кезеңінің аяқталу күні 2026 жылғы 21 қаңтар сағат 17:00 (Нью-Йорк уақыты бойынша).
Tender offer-ге қатысқысы келетін инвесторлар:
- белгіленген дедлайн 2026 жылғы 21 қаңтар сағат 17:00-ге (Нью-Йорк уақыты бойынша) дейін тиісті нұсқаулық беруі қажет.