Баспасөз орталығы
08.11.2024
«Халық Lab» еншілес ұйымын құру туралы
2024 жылғы 4 қазанда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен «Халық Lab» ЖШС еншілес ұйымын құруға рұқсат алды. 2024 жылдың 6 қарашасында Банк ресми түрде құрылған компанияның 100% иесі болды.
Жарғыға сәйкес «Халық Lab» ЖШС-ның негізгі қызмет түрі қаржы ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын бағдарламалық жасақтамаларды әзірлеу, іске асыру, өндіру, сондай-ақ оларды орнату және қолдау бойынша қызметтер көрсету болмақ.
Бастапқы кезеңде компанияның жарғылық капиталы ең аз мөлшерде инвестицияланады. Компания капиталын одан әрі инвестициялау компания қызметінің дамуына қарай қаралатын болады.