Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Баспасөз орталығы

19.04.2024

Halyk Bank және «Халық» қайырымдылық қорының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік табысын аударады

Банк жиналған көмек сомасын 2 есе көбейтуге шешім қабылдады 

Еліміздің ең ірі банкі мен «Халық» қайырымдылық қорының ұжымы ауқымды су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға бір күндік жалақысын аудару туралы бастама көтерді.

Қызметкерлерден жиналған ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 200 млн теңгеге жуық соманы құрады. Банк басшылығы оны 2 еседен асыра көбейтуге шешім қабылдап, 450 млн теңгеге дейін ұлғайтты.

Бұған дейін Halyk Bank және «Халық» қайырымдылық қоры су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсету үшін өз қаражатынан 1 млрд теңге аударған болатын. Осылайша, Halyk Bank пен «Халық» қорынан көрсетілген көмектің жалпы сомасы 1,45 млрд теңгені құрады.

Halyk корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидатын бұлжытпай ұстанады және қиыншылыққа тап болған отандастарына әрқашан алғашқылардың бірі болып көмекке келеді. Банк жиналған қаражат баспанасы мен мүлкінен айырылған адамдарға қиын кезеңдерден өтуге көмектеседі деп үміттенеді.

«Halyk Bank және «Халық» қайырымдылық қорының әрбір қызметкері зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысуды өзінің борышы деп санады, оның үстіне біздің көптеген әріптестеріміз төтенше жағдай режимі енгізілген өңірлерде тұрады және жұмыс істейді. Қызметкерлердің ешқайсысы шетте қала алмады. Біз су тасқынының жойқын салдарынан зардап шеккендердің барлығына шын жүректен жанашырлық танытамыз - бұл біздің еліміздің жаңа тарихындағы ең ірі табиғи апат. Қазір күш біріктіріп, біздің қолдауымызға мұқтаж адамдарға көмектесу маңызды. Тек бірлескен күш-жігермен біз осы қиын кезеңді еңсеріп, табиғи апаттың салдарын жоя аламыз. Біз сіздермен біргеміз, отандастар», - делінген банктің хабарламасында.