Баспасөз орталығы
2024 жылдың 1-ші жартыжылдығы мен 2-ші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерді жариялау жөніндегі конференцияға шақыру
2024 жылғы 21 тамызда Лондон уақыты бойынша сағат 15:00-де / Алматы уақыты бойынша сағат 19:00-де «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы (Халық Банкі) (Лондон қор биржасындағы тикері: HSBK; Қазақстан қор биржасындағы тикері: HSBK, HSBKd; Astana International Exchange биржасындағы тикері: HSBK, HSBK.Y) 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығы мен 2-ші тоқсанындағы аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелерді жариялау бойынша талдаушылар мен инвесторлар үшін Банктің топ-менеджментімен Zoom конференциясын өткізетін болады. 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығы мен 2-ші тоқсанындағы аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелер 2024 жылдың 20 тамызында жарияланады.
Презентацияның онлайн трансляциясына тіркелгеннен кейін Zoom сілтемесі арқылы қосылуға болады.
Тіркеу 2024 жылдың 21 тамызын қоса алған күнге дейін ашық болады, тіркелу үшін осы жерді басыңыз.
Презентация 2024 жылдың 21 тамызынан бастап мына сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://halykbank.com/financial-results
Іс-шараның жазбасы мен транскрипті Банктің сайтына орналастырылады https://halykbank.com/financial-results.
Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарлассаңыз болады:
Мира Тиянак | +7 727 259 04 30 |
Нургуль Мухади | +7 (727) 3301677 |
Рустам Теліш | +7 727 330 15 66 |