Баспасөз орталығы

Халық банк 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелерін жариялады

21.08.2019
2019 жылғы 21 тамыз, Алматы – «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – Банк) 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелерін жариялады.

«Halyk пен Qazkom-ның бірігуінің аса күрделі процесінің аяқталғанына бір жыл болды. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Банк клиентке бағдарлау, клиенттерге қызмет көрсету сапасын және технологиялылығын арттыратын цифрлық сервистер мен үрдістердің әрі қарай дамуына, транзакциялық банкингтің мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аудара отырып, Топтың жаңа даму стратегиясын жүзеге асыруға шоғырланғанды болатын. Онымен біруақытта, HalykBank шекара сыртында да жоспарлы және нүктелі жылжып келеді, атап айтқанда, көршілес Өзбекстан нарығының жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын пайдаланып келеміз, - деп Халық банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді, - Істелген жұмыстың нәтижесі есепті кезеңде базалық қаржы көрсеткіштерінің тұрақты өсімі, кредит қоржынының сапасын арттыру, халықаралық рейтингтердің өсуі болды, бұл қаржы институты дамуының сындарлы бағытын тағы бір рет растап отыр. Ұзаққа созылған позитивті тренд жаңа дивидендтік саясатты бекітуге мүмкіндік берді, бұл HalykBank акциялары мен ЖДҚ-ның баға белгіленуінің өсуіне жағымды әсер етті.».


Таза пайда 2018ж. 2-ші тоқсанында 24.1 млрд. теңгемен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында 89.7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл негізінен 2018ж. 2-ші тоқсанында қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болған 28.5 млрд. теңге мөлшеріндегі залалдың нәтижесінде, сондай-ақ Халық банкіне қосылуына байланысты Казкоммерцбанктің (ККБ) 2018ж. 2-ші тоқсанында 43.3 млрд. теңге мөлшеріндегі мерзімі өткен салық активін тануды тоқтату есебінен болды.


Пайыздық кірістер негізінен пайыздық активтердің орташа қалдықтарының өсуі есебінен 2018ж. 2-ші тоқсанындағы 171.0 млрд. теңгемен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында 179.9 млрд. теңгеге ұлғайды. Пайыздық шығыстар 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 0.6%-ға төмендеді. Таза пайыздық маржа негізінен пайыздық міндеттемелерді пайыздық активтерге орналастыру үлесін ұлғайту есебінен 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында жылдығы 5.1%-ға дейін өсті. 


Клиенттерге берілетін заемдар бойынша тәуекелдің құны 2019ж. 2-ші тоқсанында ірі проблемалық заемдардың біруақытта өтеуіне байланысты 0.3% құрады. 


Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер транзакциялық бизнестің, негізінен пластик карталары бойынша операциялар, сондай-ақ кассалық операциялар мен банктік аударымдар – есеп айырысу шоттары бойынша өсіп келе жатқан көлемнің нәтижесінде 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында 13.9%-ға өсті.

Интеграцияға дейін Банк пен ККБ-нің заңды тұлғаларының ағымдағы шоттары арасындағы аударымдар сыртқы аударымдар ретінде қарастырылған және оларға тиісті комиссиялар қолданылды. Интеграциядан кейін осы ағымдағы шоттар арасындағы аударымдар ішкі аударымдар ретінде қаралуда, демек, тегін болып табылады. Нәтижесінде банктік аударымдардан – есеп айырысу шоттарынан алынған комиссиялық кірістер 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында төмендеді.


Қызметтер мен комиссиялар бойынша шығыстар негізінен Банктің эквайрингтік желісіндегі басқа банктердің карталары бойынша операциялар санын арттыру есебінен 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 14.9%-ға артты.


Өзге пайыздық емес кірістер негізінен ҚРҰБ-нен свопты қайта бағалаудан ең төмен залалдың және «Halyk Life» АҚ еншілес компаниясының тартылған зейнетақы аннуитеттерінің санын арттыру нәтижесінде сақтандыру қызметінен ең жоғары кірістің есебінен 2019ж. 1-ші тоқсанындағы 28.5 млрд. теңгемен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында 48.7 млрд. теңгеге дейін 70.8%-ға артты.  

 

Операциялық шығыстар негізінен 2018ж. 2-ші тоқсанында 28.5 млрд. теңге мөлшерінде қаржылық емес активтердің құнсыздануынан болған залалдың есебінен және ККБ-нің Халық банкіне қосылуынан болған синергетикалық әсерге байланысты шығындарды оңтайландыру есебінен 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 47.9%-ға төмендеді. Операциялық шығыстар 2019ж. 1 наурызынан бастап жалақы мен сыйлықақыны индекстеу нәтижесінде 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 9.9%-ға өсті.


Операциялық шығыстардың операциялық кірістерге арақатынасы 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2019ж. 2-ші тоқсанында операциялық шығыстардың ең төменгі деңгейіне және операциялық кірістердің ең жоғары деңгейіне байланысты 2018ж. 2-ші тоқсанындағы 44.6%-бен салыстырғанда 22.3%-ға дейін төмендеді. Операциялық кіріс негізінен таза пайыздық кірістерді арттыру есебінен 2018ж. 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 4.1%-ға артты.


2019ж. 2-ші тоқсанында активтер негізінен 2019ж. 2-ші тоқсанындағы РЕПО операцияларынан қаражаттың ағылып келуі есебінен 2018 жылдың аяғымен салыстырғанда 1.1%-ға, 2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2.2%-ға өсті.


2019ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда клиенттерге берілетін заемдар брутто негізде 2.0%-ға және нетто негізде 2.1%-ға өсті. 2019ж. 2-ші тоқсанында брутто негізде несие портфелінің ұлғаюы корпоративтік портфельдің (брутто негізде 1.1%), ШОБ портфелінің (брутто негізде 3.2%) және бөлшек бизнес портфелінің (брутто негізде 3.2%) ұлғаюына себепші болған.


2019ж. 2-ші тоқсанының аяғындағы жағдайға сәйкес Stage 3 коэффициенті корпоративтік және бөлшек бизнес заемшыларының берешектерін өтеу және бұрын құнсызданған берешектерін есептен шығару нәтижесінде 2019ж. 1-ші тоқсанының соңында 20.4%-дан  18.6%-ға дейін төмендеді.


Заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары негізінен Банк клиенттерінің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру үшін қаражатты ішінара алып отыруы салдарынан 2018ж. аяғымен салыстырғанда  4.9% және 4.6%-ға қысқарды. 2019 жылғы 30 маусымдағы жағдайға сәйкес теңгеге деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі, депозиттердің жалпы сомасы 2019 жылғы 31 наурыздағы 50.3%-бен салыстырғанда 55.8% құрады, сол екі арада теңгеге деноминацияланған бөлшек депозиттердің үлесі, депозиттердің жалпы сомасы 2019 жылғы 31 наурыздағы 42.6%-бен салыстырғанда 41.8% құрады.

 

Кредит мекемелерінің қаражаттары негізінен РЕПО келісімдері бойынша қазақстандық банктердің заемдарының артуы есебінен 2019ж. 1-ші тоқсанмен салыстырғанда 183.9%-ға артты. 2019ж. 30 маусымда Банктің қаржы институттары алдындағы 93.0% міндеттемесі қазақстандық банктердің заемдарынан (РЕПО келісімдері бойынша заемдарды қосқанда), экономиканың жекелеген секторларын қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-тан 2014ж.-2017ж. тартылған заемдардан құралдған.


Толығырақ ақпарат www.halykbank.kz сайтында мына мекенжай бойынша:

https://halykbank.kz/about-bank/investoram

 


***

БӨЛШЕК БИЗНЕС және ШОБ

 

БӨЛШЕК БИЗНЕС 

2019 ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша Банк жеке тұлғалар салымдары нарығында көшбасшылық позицияларды ұстап тұруды жалғастырады: оның бөлшек депозиттер нарығындағы үлесі 36,39%-ды (3,2 млрд тг.) құрайды.

Банк жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін «Қазақстаннның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ белгілейтін шекті сыйақы мөлшерлемелеріне сәйкес қайта қарады (салымның мерзімі мен түріне байланысты), қолданыстағы депозиттер желісіне 2% номиналдық мөлшерлемесі бар (АҚШ долларымен) 60 айға жаңа мерзімді енгізу және «Оңтайлы» салымы (мерзімдік талаптарына сәйкес келетін) бойынша толықтыру «опциясын» ашу бөлігінде өзгерістер енгізді.

Банктің кредиттік портфелі 2019ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша нарықтағы 18,76% үлеспен 969,7 млрд құрады.

Банк кепілсіз кредиттеудің бұрыңғыдан да қолайлы өнімін қосты – «Кредит желісі төлем картасына». Яғни клиент Банктік қарыз туралы шартқа қол қою үшін бір рет қана Банкке жүгінеді, одан кейін келесі транштарды «Homebank.kz» қосымшасы арқылы онлайн режимде ресімдеуге болады.

Клиенттік база 2019 ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша 10,1 млн клиентті құрады, оның ішінде белсенділері (банктік өнімдердің біреуден артығын қолданатындар) — 71% немесе 7,2 млн клиент.

Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карталардың саны 9,1 млн. құрады. Төлем карталарына қызмет көрсету бойынша нарықта Банктің үлесі белсенді карталар бойынша 35%-ды құрайды.

Төлем карталары мен жалақылық жоба бойынша келесі пысықтаулар жүзеге асырылды:

  • Жалақыны есепке жатқызу сызбасы оңтайландырылды, яғни жалақыны есепке жатқызу уақыты 2 сағаттан 45 минутқа дейін қысқарды;
  • Карталарды бөлімшелерде онлайн режимде жабу.

Банктің өңірлік өкілдіктері желісі көп жылдар бойы Қазақстандағы ең кең тарағандардың бірі болып табылады. 2019ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша ол 24 филиал мен 617 сату арналарынан тұрады.

Банктің төлемдік инфрақұрылымы есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша 4 383 банкомат пен 1 107 төлем терминалдарын (соның ішінде. 63 мультикиоскі), және 74 039 POS-терминалын қамтиды.


Жеке тұлғаларға қашықтан қызмет көрсетуБүгінгі күні Homebank пайдаланушыларының саны 3 860 мың клиентке дейін артты. 2019 жылдың екінші тоқсанында интернет-банкинг пайдаланушылары арасында 7 млн. астам төлем мен аударым жасалды.

Біз Homebank сервистерін белсенді дамытуды жалғастырамыз, осылайша 2019 жылдың 2 тоқсанында клиенттер үшін келесі мүмкіндіктер енгізілді:

  • Homebank.kz. қосымшасына кіруге арналған жаңа жеңіл код-пароль. Код-пароль — бұл Android үшін Homebank мобильді қосымшасына кіруге арналған 4 таңбалы код.
  • www.homebank.kz порталында картадан картаға Еуромен ақша аударымы іске қосылды.
  • www.homebank.kz web-порталында қазірдің өзінде email мөртабаны бар төлем туралы түбіртекті жылдам жіберу қызметі операциялардың келесі түрі бойынша іске қосылды:
  • - ұялы байланыс төлемі
  • - АЛСЕКО/АЕО/AstanaERC коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
  • - аударымдар
  • - Оңай көлік картасын төлеу
  • - Қазақтелеком қызметтеріне ақы төлеу
  • - ҚТҮҚЖБ депозиттерін толықтыру
  • - ҚТҚҮЖБ кредитін өтеу

Танымал a-Parking қызметі енді Homebank қосымшаларында.

 Қосымшада Астана мен Балқаш қалаларында 30-дан астам төлем қызметі, сондай-ақ Самұрық-Қазына қызметтеріне ақы төлеу іске қосылды.

Кез келген ұялы телефон нөміріне картадан аударым қызметі қосылды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде түсініспеушілікке жол бермеу үшін Homebank-те салық берешегін тексерудің пайдалы сервисі бар. Қызмет Homebank web-нұсқасында «Төлемдер» бөлімінде, «Салық және айыппұл» парақшасында көрсетіледі.

 Онлайн несие

 «Астана LRT» көлік картасын толтыру

 Tickets.kz қызметі.

 

Төлем терминалдары. 2019 жылдың 2 тоқсанында:

  • «Карта шотын толтыру» қызметі оңтайландырылды, енді картаның 16 санының орнына тек 4 ғана енгізу қажет;
  • ірі жеткізушілер – «Астана-ЕРЦ» ЖШС, Павлодарэнергосбыт ЖШС қызметтерін төлеу тәсілдері кеңейтілді және оңтайландырылды;
  • төлем терминалына арналған жаңа пайдаланушы интерфейсі әзірленді, қазір тестілеу жүргізілуде;
  • терминал арқылы төлем қабылдау үшін, оның ішінде Арыс қаласында зардап шеккендерге қаражат жинау үшін 70-тен астам жаңа төлем кодтары енгізілді.

2019 жылғы мамырда Халық банкінің салымдарын толықтыру қызметі іске асырылды, оның ішінде «Казкоммерцбанк» АҚ-тан клиенттің ағымдағы есепшотынан тыс тікелей депозиттік мәміле жасалды.

2019 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша банктің төлем терминалы желісінде жүзеге асырылған операцияның жалпы саны 4,2 млн.операцияны құрады, бұл 2018 жылға қарағанда (3 млн. операция) 39%-ға артық.

Әлеуметтік төлемдерді есептеу. Банк, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға қызмет көрсету бойынша көшбасшы болуды жалғастырады - 2,5 млн. зейнетақы мен жәрдемақы алушы немесе-(немесе нарық бойынша үлеспен республика бойынша барлық төлем көлемінде 70,5%-ды, саны бойынша 68,1%-ды құрайды).

 

ШАҒЫН және ОРТА  БИЗНЕС (ШОБ)

2019 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша Банкте 23 мыңнан астам қарыз берілген, 7 мыңнан астам қарыз алушыны қоса алғанда, 280 мыңнан астам ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетіледі. ШОБ несиелік портфелі 512 млрд. теңгені құрады, екінші жартыжылдықтан бастап портфельдің өсімі басталды. Бизнесті қаржыландыру көлемі бойынша Банк қазақстандық нарықтың шамамен 39%-ын алады.

Әйелдер кәсіпкерлігін несиелендіру үшін Банк өз қаражаты есебінен 3 млрд. теңге бөлді. 2019 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, Банк 2,7 млрд.теңге сомаға 346 жобаны қаржыландырды, қосымша 0,87 млрд. теңге сомаға 10 жоба мақұлданды, 0,2 млрд. теңге көлемінде қаржыландырылатын 22 жобамен жұмыс жүргізілуде.

Банк Onlinebank жүйесі арқылы «Заңды тұлғалар үшін төлемдер 24/7» қызметін және банкішілік операциялардың әр түрлі түрлерін ұсынады, оның ішінде: 

  • заңды тұлғаның ағымдағы шотына заңды тұлғаның төлемдері;
  • жеке тұлғаның ағымдағы шотына заңды тұлғаның төлемдері;
  • заңды тұлғаның карталық шотына төлемдері;
  • заңды тұлғаның корпоративтік картаға төлемдері;
  • жалақы төлемдері;
  • өзіндік инкассация картасына аударым;
  • «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ пайдасына төлемдер (бірыңғай дербес шоттарға (БДШ) аударылатын төлемдер);
  • ұзақ тапсырмалар;
  • заңды тұлғаның ағымдағы шоттарына жеке тұлғалардан төлемдер алу.


 

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу:

ШОКС өңірлік қаржыландыру бағдарламасы:

2016 жылдан бастап Халық Банкі мен «Даму» қоры арасында жалпы сомасы 20.9 млрд. теңгеге 62 келісім жасалды,оның ішінде 47 келісім бойынша 15.1 млрд. теңге сомаға қаражат игерілді. Қазіргі уақытта Халық банкі 2018 және 2019 жылдары бағдарлама бойынша бөлінген қаражатты бастапқы игеру жұмыстарын жалғастыруда.


Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша Даму Өндіріс 2 бағдарламасы:

Осы бағдарламаны іске асыруға мемлекет бөлген 64 млрд. теңгенің ішінен Халық Банкі 190,6 млрд.теңге сомасына 4 726 жобаны қаржыландырды (екінші рет игеруді ескере отырып). Бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша Халық Банкі бірінші орынға ие.


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 1,2 және 3 бағыт:

Осы бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша субсидиялау шеңберінде Халық банкі қол қойылған субсидиялау шарттарының саны бойынша қатысушы банктер арасында портфелінің көлемі 654,32 млрд.теңге 3 536 дана көлемінде бірінші орынды иеленіп отыр.

Бағдарламаға кепілдік беру шеңберінде Банк қол қойылған кепілдік шарттарының саны бойынша, сондай-ақ Қор кепілдігінің жиынтық көлемі бойынша да қазақстандық банктер арасында бірінші орында тұр. Осылайша, оны іске қосқан сәттен бастап Халық банкінің клиенттерімен 1310 кепілдік шартына қол қойылды, бұл кепілдіктің жалпы көлемінің 23,3%-ын (5 631) құрайды, бұл 18,95 млрд теңгені немесе кепілдіктердің жалпы сомасының 22%-ын құрайды.


 «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы:

Бұл бағдарламаға Банк 2017 жылдан бастап қатысады. Бағдарламаға қатысу кезінде банкте 8,8 млрд.теңге орналастырылды, оның ішінде Банк 6,38 млрд. теңгені игерді.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR қызметі

тел. +7 727 259 0301, +7 727 333 02820 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz