Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

23.09.2026

Құрметті Halyk Invest клиенттері!

Осымен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – «Банк») Сізге көрсеткен сеніміңіз бен ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреді.

Осы арқылы Сізге бір жылдан астам уақыт бойы ақша қаражаты және/немесе бағалы қағаздары жоқ жеке тұлғалардың банктік және дербес шоттарының алдағы уақытта жабылатынын хабарлаймыз.

Дербес шоттарды жабу Брокерлік қызметтерді және номиналды ұстау (қосылу) қызметтерін көрсету туралы шарттың және Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жабылуы тиіс дербес шоттардың тізімі осы хабарламаға қоса беріледі. Толығырақ.

Дербес шоттың нөмірін қалай білуге болады?

Дербес шоттың нөмірін Halyk SuperApp қосымшасында, Invest бөлімінде дербес шот бойынша үзінді көшірмені қалыптастыру арқылы білуге болады.

Бұл үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1. Invest бөліміне өтіңіз.

2. «Есептер» бөлімінде «Дербес шоттан үзінді көшірме» тармағын таңдаңыз.

3. Үзінді көшірмені қалыптастырып, жүктеп алыңыз. Дербес шоттың нөмірі құжатта көрсетіледі.


Құрметпен,

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде