Баспасөз орталығы
SME Banking Agency Halyk Bank-ті бизнеске арналған ең үздік экожүйелердің бірі деп атады
Рейтингті агенттіктің сараптамалық кеңесі «Бизнеске арналған экожүйелер 2022» атты жыл сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша дайындады. ШОБ секторының бизнес-клиенттері үшін үздік экожүйесі бар көшбасшыларды анықтау үшін Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 11 елінен 150-ден астам банктің сервистері талданды.
Таңдаудың негізгі өлшемдері - ұсынылатын қызметтердің сапасы, қаржылық қызметтердің көпетеген түрлері, сату және маркетинг, қызметкерлерді басқару және құқықтық мәселелерді жүргізу болды. Қызметтің құндылығы клиенттердің қажеттілігіне қарай ескерілді.
Агенттіктің есебінде соңғы жылдары Шығыс Еуропа және Орталық Азия банктері дәстүрлі банк қызметтерін ұсынатын қаржы мекемелерінен маркетплейстер мен экожүйелерге трансформациядан өтіп жатқаны атап өтілді. Мұндай жүйелерді құрудың маңызды аспектілері терең интеграция және клиенттердің тәжірибесін жақсарту мүмкіндігі болып табылады.
Осыған байланысты Halyk Bank-тің көшбасшылығы өте негізді. Санаулы минуттардың ішінде кәсіпкерлер ЖШС және ЖК үшін шоттарды қашықтан аша алады, 100 миллион теңгеге дейін онлайн кредит ала алады, цифрлық тендер кепілдігін ресімдей алады. Смартфондағы цифрлық банк 24/7 есебін жүргізуге, валютаны айырбастауға, салықтар мен әлеуметтік жарналарды төлеуге, бизнеске арналған карталар шығаруға, виртуалды pos-терминал ретінде телефонды пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау үшін QR-кодты шығаруға мүмкіндік береді.
«Біз үшін бизнеске арналған қосымшада қажетті сервистердің барлық жиынтығы : төлемдер сияқты базалық сервистерден бастап клиенттерді қаржыландыруға сараланған тәсілді көздейтін бірегей сервистерге дейін болуы өте маңызды. Біз тек Қазақстанның өлшемдері бойынша ғана емес серпінді өнімдерді әзірлейміз - жекелеген кредиттік шешімдер бүгінде әлемдік ауқымда да үздік көрсеткіштерге ие. Мысалы, бізде тек бір жолды толтырып, үш минут ішінде цифрлық тендерлік кепілдік алуға болады, ал ШОБ үшін кредит беру уақыты 10 минутқа дейін қысқартылды. Біз басқа банктердегі әріптестеріміздің әртүрлі өнімдерді жасауын қадағалаймыз және бұл өте жаңашыл шешімдер, бірақ біздің мақтанышымыз –Onlinebank, мұнда бизнеске арналған барлық озық сервистер бір қосымшада жинақталған», - деп Halyk Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев атап өтті.
Бұдан бұрын, 2022 жылғы сәуірде Halyk Bank бизнеске арналған үздік мобильді банк болып танылды, ал 2022 жылғы мамырда Onlinebank қосымшасы Қазақстандағы бизнеске арналған үздік интернет-банк деп аталды.
SME Banking Agency – кешенді ақпараттық-сараптамалық агенттік. Агенттіктің миссиясы - нақты деректерді талдай отырып және заманауи технологияларды енгізе отырып, ШОБ секторының тұрақты инновациялық дамуына ықпал ету. Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі - банктерге өз процестері мен нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік беретін заманауи және прогрессивті шешімдерді танымал ету.