Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

14.01.2022

Halyk Bank зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 3 млрд теңге бөледі

Halyk Bank өз қаражатынан 3 млрд теңге бағыттайды. Бұл қаражатты шағын және микро бизнес секторындағы зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек ретінде, сондай-ақ қираған нысандарды тез арада қалпына келтіру және шұғыл шешімді талап ететін басқа да міндеттерге жұмсалады.

Бұған дейін Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова Atameken Business телеарнасында берген сұхбатында террористік шабуыл және жаппай тәртіпсіздіктің жойқын салдарын жеңуге көмектесуге дайын екенін айтқан болатын.

"Менің ойымша, қазіргі жағдайда күшіміз бірлікте. Кез келген қиындық, кез келген жауға қарсы тұруымыз керек. Мен өз елімді өте жақсы көремін және әрбіріміз қолымыздан келгенше көмек беріп, жақсылықтың жаршысы болуымыз қажет. Осы қиын-қыстау күндерде барлығы әлемнің өте нәзік екенін және ең басты құндылығымыз - адам өмірі мен денсаулығы екенін сезіндік. Сондықтан, баршаңызға мен әрдайым бейбітшілік, денсаулық, тыныштық және  жақсылық тілеймін", - деп атап өтті Үміт Шаяхметова.


Halyk Bank PR-қызметі

тел. +7 727 330 17 19 pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде