Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

14.12.2021

Жаңа клиенттер үшін - жаңа көлік

Halyk Bank "бизнеске арналған көлік" науқанын іске қосады. 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 2022 жылғы 20 наурыз аралығында банктің клиенті атанғандар арасында 8 жаңа микровэн ойнатылады.

Науқанның атауы айтып тұрғандай ұтысқа бес есікті коммерциялық автокөлік: шағын, ыңғайлы және функционалды Chevrolet Damas тігілді. Атаулы ұтысқа жаңа клиенттер – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысып, жеңімпаз атана алады. Бизнес өкілдері үшін мұндай көлік кәсіптің өрлеуіне сенімді демеу болады.

Науқанға 2021 жылғы 1 желтоқсаннан 2022 жылғы 20 наурызға дейін кез келген клиент қатыса алады. Шарттары:

1. банктен шот ашу (айта кетейік, ЖК барлық операцияларды онлайн жасай алады, ал ЖШС/АҚ өкілдері және т.б. Halyk Bank бөлімшесінде есеп айырысу шотын ашу қажет)
2. Onlinebank-ті қосу және бизнеске арналған Onlinebank мобильді қосымшасын жүктеу
3. Halyk Bank-тен VISA Business корпоративтік картасын ашу
4. төмендегі тарифтік пакеттердің бірін қосу:

  • Econom 12 айға
  • Alem 6/12 айға
  • Drive 3/6/12 айға


немесе 3/6/9/12 айға қызмет көрсету үшін абоненттік төлем жасайды.

Ұтыс ойынның жеңімпазы төмендегі кезең бойынша анықталады:

  1. 13.01.2022 дейін 1 автокөлік ойнатылады
  2. 27.01.2022 дейін 2 автокөлік ойнатылады
  3. 03.03.2022 дейін 2 автокөлік ойнатылады
  4. 07.04.2022 дейін 3 автокөлік ойнатылады


Маңызды ақпарат: науқан шарттарын орындаған барлық жаңа клиенттер ұтыс ойынының барлық төрт кезеңіне де қатысады. Осылайша, кәсіпкер ертерек банктің клиенті болса, оның жеңімпаз атану мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Ұтыс ойын банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді. Жеңімпаз кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен анықталады.

Ұтыс ойынның әр кезеңі бойынша нәтижелері банктің ресми сайтында және оның әлеуметтік парақшасында жарияланады. Сондай-ақ банк қызметкерлері жеңімпазға жеңісі туралы хабарлайды.

Halyk Bank барлық бизнес өкілдерін біздің тату-тәтті клиенттеріміздің қатарына қосылып Chevrolet Damas ұтып алуға шақырады.

Баршаға сәттілік тілейміз!


Құрметпен,

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде