Баспасөз орталығы
15.06.2026
Жеке тұлғалар үшін брокерлік қызметтерді көрсету тарифтерінің өзгеруі туралы хабарлама
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметтерді көрсету тарифтерінің өзгеретінін және олардың 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетінін хабарлайды.
Өзгерістер жергілікті сауда алаңдарында қаржы құралдарын сатып алу және сату мәмілелерін жасау тарифтеріне қатысты болады.
№ | Операция атауы | Ұсталатын комиссия |
1 | Қаржы құралдарын KASE-де сатып алу / сату | Мәміле сомасынан 0,03%, минимум 30 теңге |
2 | Қаржы құралдарын AIX-те сатып алу / сату | Мәміле сомасынан 0,03%, минимум 30 теңге |
* «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Тарифтік комитетінің 2026 жылғы 21 мамырдағы шешімімен (№ 672 шешім) бекітілген