Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

23.06.2020

Halyk Bank смартфондарда банк операциялары бойынша хабарлама тарату жүйесін өзгертті

2020 ж. 23 маусым, Алматы қ.  Банк операциялары мен транзакциялардың қорғанысын жоғарылату мақсатында Halyk Bank барлық банк операциялары мен аударымдлар бойынша клиенттерге хабарлама беру тәсілін өзгертті. Енді осыдан кейін, клиентке өткізілген барлық операциялар туралы хабарламалар Homebank қосымшасынан PUSH-хабарлама ретінде келеді. Halyk Bank Homebank қызметін пайдаланушы клиенттерінің (жеке тұлғалар) саны артқан сайын SMS-хабарлама тарату тәжірибесінен бас тартады.

PUSH-хабарландыру – бұл Homebank қосымшасында клиенттің шоттары бойынша барлық операцияларды, Банктің жаңа акциялары мен сервистерді мобильді телефонның бетінде көрсететін хабарлама терезесі.  

Мобильді қосымшада PUSH-хабарландыру қызметі тегін ұсынылады. Бұл қызмет ең алдымен Банктің қашықтық сервистерінің қауіпсіздігін дамыту және жеке деректерді алу (сенімді нөмірді ауыстыру және т.б.) алаяқтығын азайту мақсатында қосылған. 

Push-хабарламалар Homebank қосымшасында сақталады және оған тек құпиясөз немесе телефон иесінің саусағының ізі, бет әлпеті (Face ID) арқылы биометриялық деректер арқылы кіруге болады.    

Push-хабарламалар функциясын қолдану үшін Homebank қосымшасын орнатып, телефонда push-хабарламалар қызметін теңшеп алу қажет («Теңшеулер» → «Хабарламалар» → «Хабарламаларды қосу»). 

Қызметті орнатып, теңшеп алған соң Сіз карталар бойынша операциялар, төлемдер және өзге де қызметтер туралы транзакциялық PUSH-хабарламаларды алып отырасыз. 

Сонымен қатар, Homebank қосымшасында «Хабарламаларды теңшеу» мәзіріндегі тізімнен Сіз өзіне қажетті хабарламаларды (хабарламалар, карталар бойынша транзакциялар, ағымдағы шот/депозит бойынша ақша қозғалысы, айыппұлдар, коммуналды қызметтер, жарнама және т.б.) таңдап ала аласыз.


Halyk Bank PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kzwww.halykbank.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде