Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

27.03.2020

Halyk Bank Алматы қаласында COVID-19 індетімен күресіп жатқан үш бейінді мекеменің медицина қызметкерлеріне қаржы аударды

Halyk Bank Алматы қаласында коронавирус індетімен жұмыс істеп жатқан барлық медицина қызметкерлеріне [ҚР денсаулық сақтау Министрлігі берген тізімге сәйкес] жеке қаражатынан қайырымдылық ақша бөлді.

Қайырымдылық қаражат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің берген тізіміне сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық Сараптама Орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы, Алматы қаласы бойынша «Дезинфекция орталығы», ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық Сараптама Орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы қаласындағы филиалының медицина қызметкерлерінің карталық шоттарына тікелей аударылды.

Осылайша, науқастармен күнделікті байланыста болып, жанкешті еңбек етіп жатқан медперсонал ақшалай көмек алды. 

Бұл көмек – қаржы институтының ғаламдық індетпен күнделікті күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне білдірген алғыстың бір бөлігі ғана. Бүгінгі күні дәрігерлер, медбикелер, лаборанттар, санитарлар, фельдшерлер және басқа да қызметкерлер өз өмірлеріне қауіп төніп тұрса да отандастарымыздың өмірін сақтап қалу үшін үйлерін көрмей, тәуілік бойы, демалыссыз еңбек етуде. 

Міне, осыны түсінген Halyk Bank елде төтенше жағдайдың енгізілу күнінен– ақ COVID-19 індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдау туралы бастамасын қолға алған болатын. Сол үшін банк өз жеке қорынан 100 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат бөлетіні туралы және қосымша арнайы шотты ашқаны туралы хабарлаған еді.

Егер де Сіз медицина қызметкерлеріне қол ұшын берем десеңіз, онда қаражатты төменде көрсетілген деректемелер бойынша карта нөміріне жолдасаңыз болады:

Карталық шот:

4277 0455 0140 8820

Деректемелері:

KZ046010001286000064

Бенефициар банктің БСК – HSBKKZKX

Бенефициар банктің БСН – 940140000385

ТМК – 119 «Қайтарымсыз ақша аударымы»

КБе – 14

Қосылыңыз!

Biz Birgemiz!

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz


Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде