Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

18.03.2020

HALYK BANK КАРАНТИН ТӘРТІБІНДЕ КЛИЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫН

Елдің жетекші банкі - Halyk Bank карантин тәртібінде және төтенше жағдайда жұмыс істеу үшін өзінің барлық ресурстарын, солардың ішінде бөлімшелері мен қашықтықтан басқару сервистерін барынша жұмылдыруда. Банк картаға жалақының, зейнетақының, жәрдемақының есептелуі мен түсуі, қолма-қол ақшаны банкомат арқылы шешіп алу, төлем және аударым операцияларының орындалуы, банк қызметтерін ұсыну - барлық маңызды сервистерінің үздіксіз жұмысына кепілдік береді.   

ҚҰРМЕТТІ НҰР-СҰЛТАН ЖӘНЕ АЛМАТЫ ққ. ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерге карантин тәртібінде Банк бөлімшелерінің және сервистерінің жұмысы бойынша ақпарат ұсынамыз:

Банкоматтар

Halyk Bank банкоматтарының ең ірі желісі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан. Олардың барлығында (Cash-In) қолма-қол ақшаны қабылдау функциясы бар. Банкоматтар қалыпты тәртіпте жұмыс істейді. Halyk Bank банкоматтарының тізімі ресми сайтта орналасқан және бұл тізім жиі жаңарып тұрады.

Банк бөлімшелері 

Клиенттер өздеріне қажетті банк операцияларын ыңғайлы жағдайда банк бөлімшелерінде орындай алады. Карантин кезеңінде банк бөлімшелерінің барлығы санитарлық тазалықтан жиі өткізіліп тұрады, қызметкерлердің барлығы қорғаныс заттарымен қамсыздандырылған. Барлық бөлімшелер қалыпты тәртіпте жұмыс жасауда. Halyk Bank бөлімшелерінің тізімі  ресми сайтта орналасқан және бұл тізім жиі жаңарып тұрады. Көптеген банк қызметтерін қашықтықтан Homebank.kz қосымшасы арқылы алуға болады.   

Homebank.kz қосымшасы

Адамдардың көп шоғырланған жеріне, соның ішінде Банк бөлімшелеріне аз бару үшін, Homebank.kz-тің онлайн сервистерінің мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Мұнда сіз комиссиясыз түрлі төлемдерді өтей аласыз, кез келген картаға, шотқа аударым орындай аласыз, кредиттерді алу, депозитертерді ашу және өзге де көптеген сервистерге қол жеткізе аласыз.

Заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz 

Заңды тұлғаларға Onlinebank.kz-тің барлық сервистері тәуілік бойы қолжетімді.

Байланыс орталығы

Банктің байланыс орталығы карантин және төтенше жағдай кезеңіне күшейтілген және тәуілік бойы, үздіксіз жұмыс істейді. 

7111 - жеке тұлғалар үшін қоңырау шалу тегін,

9595 - заңды тұлғалар үшін қоңырау шалу тегін.

Halyk Bank банк сервистері мен қызметтерінің үздіксіз жұмысының маңыздылығын жете түсінеді. Сол себепті Банк клиенттері үшін банк операциялары мен қызметтерінің ыңғайлылығы мен жайлылығына аса мән беріп, оны бірінші орынға қояды. 

Halyk Bank Қазақстан халқы және Банк клиенттерінің ынтымақтастығы пен өзара жауапкершілігің арқасында бүгінгі күні елге төнген қиын жағдайды бірігіп жеңетініне кәміл сенеді! 

Biz birgemiz!

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде