Баспасөз орталығы
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ-нан ақпараттық хабарлама
Halyk Bank клиенттермен әрдайым өзара ашық қарым-қатынаста болуға ұмтылады. Оның үстіне бүгінгі бүкіл әлемді дүрліктірген өмір сүру жағдайында бұл аса маңызды.
Осыған байланысты, COVID-19 коронавирустық инфекциясының анықталған жағдайларының бірі Алматы қаласындағы Банк ғимаратының бірінде кеңес беру қызметін ұсынатын сыртқы ұйымның қызметкерінде орын алатындығы туралы халыққа хабарлау қажет деп санаймыз.
Денсаулық сақтау министрлігінің әрекет ету алгоритміне сәйкес, қаланың медициналық қызметкерлерімен бірге науқас, сондай-ақ онымен байланысқан барлық қызметкерлер сынақ процедурасынан өтіп, қазіргі уақытта оқшауланған және карантинде жатыр. Сонымен қатар, анықталған ауруы бар сыртқы компанияның қызметкері мен, жақын жерде болған Банк қызметкерлері де Клиенттермен тікелей қарым қатынаста болмағанын хабарлаймыз.
Өз кезегінде Банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алды. Кеңсе және бөлімшелерде үнемі санитарлық тазарту жүргізіледі.
Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі режимде жұмыс істейді, барлық операциялар клиенттерге қолжетімді.
Сондай-ақ қашықтықтан қызмет көрсету сервистері Onlinebank.kz заңды тұлғалар мен Homebank.kz жеке тұлғалар үшін қолжетімді, ал кез келген сұрақтарға тәулік бойы байланыс орталығы жауап береді.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алдын алу кеңестерін орындаңыз.
Biz birgemiz!