Баспасөз орталығы
Ғажайып жасау қолдан келеді…
Әр адам үшін Жаңа жыл - жүрекке жаңа үміттер мен тілек-армандарды ұялатып, ғажайып қиялдарға қол создыратын сүйкті мереке.
Ол рас, кей адамдар бұл ғажайыпты өз қолымен жасай алса, енді біреулері сол ғажайыпқа зәру екені де рас.
Кейбір жандар ота жасау үшін қаражаттың жиналғанын күтсе, енді кейбірі ыстық тамақ пен жылы ұяның, отбасының болғанын армандайды ...
Ал біз болсақ, бұл ғажайыптарды қолмен жасауға болатынына кәміл сеніміз!
Міне, осы себеппен Halyk Fund Жаңа жыл қарсаңындағы соңғы аптада жасалған қайырымдылық салымыңызды мәнді де маңызды етпек!
25 желтоқсаннан бастап, желтоқсанның соңғы күніне дейін Halyk Fund https://birgemiz.kz/ платформасында жасалған әр салымның сомасына қосымша 40% қосады.
Жаңажылдық ғажайыптармен «Бiргеміз» бөлісіңіз!
#Щедростьприумножается #ТворимЧудесаВместе