Баспасөз орталығы
Банктік шот ашпай-ақ төлемдер жүргізу және (немесе) ақша аудару бойынша қосылу шартына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы
Құрметті Банк клиенттері!
Сіздерге Банктік шот ашпай-ақ төлемдер жүргізу және (немесе) ақша аудару бойынша қосылу шартына өзгертулер және толықтырулар енгізілгені туралы хабарлаймыз.
Атап айтқанда аталған Шартқа келесі өзгертулер енгізілді:
- 4.12-тармақта 500 000 теңгеден бастап 2 000 000 теңгеге дейін көлемінде шот ашпай-ақ аударымдар/төлемдер бойынша операциялар жүргізуге қатысты және 2 000 000 теңге немесе көрсетілген сомалардың шетел валютасындағы баламасынан асатын операциялар бойынша;
- валюталық операциялар жүргізу бойынша кейбір талаптарға қатысты 6.6-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталды;
- Шарт ҚКЗ/ТҚ заң нормаларын сақтауға қатысты 6.7-1-тармақпен толықтырылды;
- Шарттың қосымшасында 3-тармақ жаңа редакцияда берілді;
- Шарттың қосымшасы жаңа қызмет БЖТ – бірыңғай жиынтық төлеммен толықтырылды.
Шартпен толығырақ Сіз Банктің сайтында таныса аласыз https://halykbank.kz/other/kassovye