Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Баспасөз орталығы

27.11.2018

Halyk Bank «Баспана-хит» қолжетімді ипотекалық кредит беру бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдай бастады

Қазақстан Халық Банкі жаңа және қайталама нарықтағы тұғын үй сатып алуға ипотекалық қарыз беруді көздейтін «Баспана-хит» мемлекеттік кредит беру бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдай бастады. 

Бағдарлама шарттары бойынша қарыз 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі, бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің нарықтық құнының кемінде 20%-ын құрауы тиіс.  Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны - Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін – 25 млн теңге және еліміздің басқа өңірлері үшін – 15 млн теңге. Қарыз теңгемен беріледі және сыйақының номиналды мөлшерлемесі келесі формула бойынша есептеледі: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі (ағымдағы күнге – жылдық 9,25%) + 1,75 базистік тармақтар.

Бағдарламаға қатысу үшін әлеуетті қарыз алушы жасы 21-ден 60-қа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс; еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен Алматы, Астана, Ақтау, Атырау қалалары үшін – 200 000 теңге және қалған өңірлер үшін – 120 000 теңге мөлшерінде расталатын кірісінің болуы; ипоткалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің болмауы тиіс.   

ҚНРДА Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия (Әмбебап банктік лицензия) №1.1.601.130 берілген күні 13.07.2026. ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия №1.2.47/230/38/1 берілген күні 23.06.2023.

Сайт пен мобильді қосымша материалдарында жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде