Press room
Halyk Bank «Баспана-хит» қолжетімді ипотекалық кредит беру бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдай бастады
Қазақстан Халық Банкі жаңа және қайталама нарықтағы тұғын үй сатып алуға ипотекалық қарыз беруді көздейтін «Баспана-хит» мемлекеттік кредит беру бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдай бастады.
Бағдарлама шарттары бойынша қарыз 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі, бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің нарықтық құнының кемінде 20%-ын құрауы тиіс. Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны - Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін – 25 млн теңге және еліміздің басқа өңірлері үшін – 15 млн теңге. Қарыз теңгемен беріледі және сыйақының номиналды мөлшерлемесі келесі формула бойынша есептеледі: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі (ағымдағы күнге – жылдық 9,25%) + 1,75 базистік тармақтар.
Бағдарламаға қатысу үшін әлеуетті қарыз алушы жасы 21-ден 60-қа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс; еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен Алматы, Астана, Ақтау, Атырау қалалары үшін – 200 000 теңге және қалған өңірлер үшін – 120 000 теңге мөлшерінде расталатын кірісінің болуы; ипоткалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің болмауы тиіс.