Баспасөз орталығы
МyHalyk-та виртуалды Mastercard Virtual карточкасын қарсы алыңыздар!
Құрметті Банк клиенттері!
Сіз Интернет желісінде жиі сауда жасайсыз ба? Ендеше бұл жаңалық Сіз үшін!
2018 жылғы 8 ақпаннан бастап Сіз үйден шықпай-ақ МyHalyk интернет-банкингінде виртуалды Mastercard Virtual карточкасын шығара аласыз!
Mastercard Virtual карточкасы – бұл Интернеттік – есеп айырысулардың қауіпсіз әрі оңтайлы тәсілі. Осы карточкамен тауарға немесе қызметтерге төлем жасауға болады, бұл кезде карточка пластиксіз және PIN–конвертсіз шығарылады.
Mastercard Virtual карточкасы қанша тұрады?
Карточканы шығару – 0 теңге.
Жылдық қызмет көрсеті – 0 теңге.
Карточка шығару үшін не қажет?
Сізде Халық Банкінің, кез келген төлем жүйесінің (Visa/ Mastercard/ UnionPay) іске қосулы карточкасы болып, myHalyk интернет-банкингінің тіркеулі пайдаланушысы болуыңыз керек.
Карточканы қандай валютада ашуға болады?
Теңге, АҚШ доллары, евро.
МyHalyk-та виртуалды карточканы қалай ашуға болады?
МyHalyk интернет-банкингінің «Карталар мен шоттар» бетінен «Виртулады карточканы шығару» сервисін таңдаңыз.
Виртуалды карта шығарылатын карточкалық шотты, сондай-ақ оның – Mastercard Virtual немесе Visa Virtuon деген түрін таңдап алыңыз.
Бір реттік SMS-парольмен операция расталғаннан кейін экранда жаңа виртуалды карточканың 16 сандық нөмірі пайда болады, ал көрсетілген телефон нөміріне жіберілген SMS-хабармен қолданыс мерзімі мен CVC2 код жіберіледі.
Сіз виртуалды карточкаңыздың деректерін ұмытып/жоғалтып алған жағдайда, оларды осы картаға түрту және «Витруалды картаның деректерін қалпына келтіру» сервисін таңдап қайта орнына келтіре аласыз.
Сондай-ақ мыналармен танысып алыңыз «Төлем карточкаларын ұстаушылар үшін қауіпсіздік кеңестері».
Құрметпен,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ