Size is font:
A A A
Site color:
Ц Ц Ц
Voice Assistant
Go to Onlinebank Go to Halyk Club Go to Halyk

Press room

02.02.2018

МyHalyk-та виртуалды Mastercard Virtual карточкасын қарсы алыңыздар!

Құрметті Банк клиенттері!

Сіз Интернет желісінде жиі сауда жасайсыз ба? Ендеше бұл жаңалық Сіз үшін!

2018 жылғы 8 ақпаннан бастап Сіз  үйден шықпай-ақ МyHalyk интернет-банкингінде виртуалды Mastercard Virtual карточкасын шығара аласыз

Mastercard Virtual карточкасы – бұл Интернеттік – есеп айырысулардың қауіпсіз әрі оңтайлы тәсілі.  Осы карточкамен тауарға немесе қызметтерге төлем жасауға болады, бұл кезде карточка пластиксіз және PIN–конвертсіз шығарылады.

Mastercard Virtual карточкасы қанша тұрады?

Карточканы шығару – 0 теңге.

Жылдық қызмет көрсеті – 0 теңге.

Карточка шығару үшін не қажет?

Сізде Халық Банкінің, кез келген төлем жүйесінің (Visa/ Mastercard/ UnionPay) іске қосулы карточкасы болып, myHalyk интернет-банкингінің тіркеулі пайдаланушысы болуыңыз керек.

Карточканы қандай валютада ашуға болады?

Теңге, АҚШ доллары, евро.

МyHalyk-та виртуалды карточканы қалай ашуға болады?

МyHalyk интернет-банкингінің «Карталар мен шоттар» бетінен «Виртулады карточканы шығару» сервисін таңдаңыз.

Виртуалды карта шығарылатын карточкалық шотты, сондай-ақ оның – Mastercard Virtual немесе Visa Virtuon  деген түрін таңдап алыңыз. 

Бір реттік SMS-парольмен операция расталғаннан кейін экранда жаңа виртуалды карточканың 16 сандық нөмірі пайда болады, ал көрсетілген телефон нөміріне жіберілген SMS-хабармен қолданыс мерзімі мен CVC2 код жіберіледі.

Сіз виртуалды карточкаңыздың деректерін ұмытып/жоғалтып алған жағдайда, оларды осы картаға түрту және  «Витруалды картаның деректерін қалпына келтіру» сервисін таңдап қайта орнына келтіре аласыз.

Сондай-ақ мыналармен танысып алыңыз  «Төлем карточкаларын ұстаушылар үшін қауіпсіздік кеңестері».

Құрметпен,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Banking and Other Operations License (Universal Banking License) No.1.1.601.130 dated 13.07.2026 issued by AFMRD. Securities Market License No.1.2.47/230/38/1 dated 23.06.2023 issued by AFMRD.

The website and mobile app materials use images and texts created with artificial intelligence.

powered by amphibia