Баспасөз орталығы
Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шартына және Алдын ала төленген төлем картасының қосылу шартына өзгерістер енгізу туралы
Құрметті клиенттер!
«Қазақстан Халық банкі» АҚ мыналарға өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды:
- Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шарты;
- Алдын ала төленген төлем картасының қосылу шарты*.
Жақын арада жаңа шарттар мен қызметтер енгізілетін болады:
Банк серіктестерінің мобильді қосымшаларында:
- цифрлық төлем картасын шығару;
- төлемдер мен аударымдарды жүргізу;
- жүргізілген операциялар бойынша push-хабарламалар алу.
Halyk мобильді қосымшасында:
- цифрлық алдын ала төленген картаны сатып алу мүмкіндігі.
ҚР резиденттері – жеке тұлғалар номиналы 100 000 теңгеге дейінгі цифрлық алдын ала төленген картаны сыйлық ретінде бере алады.
Алушы картадан бас тартуға немесе оны қабылдауға және Банк серіктестерінің желісінде QR-код бойынша жасаған сауда ақысын төлеу үшін пайдалануға құқылы.
Өзгерістер жарияланғаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кейін күшіне енеді.
Өзекті ақпарат мына жерде орналастырылады:
- Банк бөлімшелерінде;
- ресми сайтта: www.halykbank.kz.
Талаптарымен келіспеген жағдайда, Сіз Банктің кез келген бөлімшесінде жазбаша өтініш бере отырып, Шарттан бас тартуға құқылысыз.
* Көрсетілген талаптар тиісті сервистер іске қосылған сәттен бастап күшіне енеді. Банктің анонстарына назар аударып отырыңыздар.